Перу тауларынан кесірткенің жаңа екі түрі табылды

Перу тауларынан кесірткенің жаңа екі түрі табылды

Жақында ғалымдар Перу тауларынан осыған дейін ғылымға белгісіз боп келген кесірткенің жаңа екі түрін тапты. Өз жаңалықтары жөнінде олар ZooKeys журналында жазды. Олардың екеуі де Enyalioides деп аталған кесірткелердің түріне жатады екен. Жәндіктердің бұл түрі негізінен Орталық және Оңтүстік Америка жерлерін мекен етеді. 

Enyalioides azulae деп аталған бірінші түрі Перудің солтүстік-шығысынан 1 мың метр биіктікте таулы аймақтан табылды. Оның ұзындығы 10 сантиметрді құрайды. Enyalioides azulae еркектері қанық жасыл түсімен ерекшеленсе, ұрғашы түрлері қоңыр түске боялған.

1

Enyalioides binzayedi аталған екінші бір түр елдің солтүстігінен табылды. Ал оның ұзындығы 12 сантиметр болады. Enyalioides binzayedi денесіндегі инелерімен және айрықша түсімен ерекшеленіп тұрады. 

2 

3

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

 


Б. Қосмағамбет