Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Шетелде білім алудың жолдары

Шетелде білім алудың жолдары

Шетелде білім алудың жолдары

Бүгінде кез келген адам шетелде тағылымдамадан өтіп, қысқа немесе ұзақ мерзімді білім алып, жұмыс істей алады. Ол үшін шет тілі білімі мен ниет болса жеткілікті. Әрине, тілді жақсырақ меңгерген адамның шетелде қалаған ісімен айналыса алуға мүмкіндігі жоғары екені сөзсіз.

Егер сізді шетелде тағылымдамадан өту мен білім алу қызықтырса, ең алдымен «Болашақ» бағдарламасына назар аударыңыз. Бұл бағдарлама жыл сайын қазақстандық жастардың білім алуы үшін  әлемнің ең үздік оқу орындарына жіберіп жатыр. Егер оған қабылдану қиын деп ойласаңыз немесе өз бетіңізше оқуды қаласаңыз, шетелдік елшіліктердің, мәдени орталықтардың және білім қорларының ресми сайттарын жиі бақылап тұрыңыз.

Мысалы, Француз Альянсы мен Алматыдағы Гете Институты. Гранттар, семинарлар сондай-ақ, стипендиялар жайлы өзекті ақпараттардан бөлек, мұнда қызықты іс-шаралар жайлы ақпарат жарияланып тұрады.

Қазақстандық студенттер мен ЖОО түлектері шетелде білім алу бағдарламаларына қатыса алады. Еуразия мен Орталық Азияда Халықаралық студент алмасу бағдарламасынан (Global UGRAD) да хабардар болыңыз. Бұл АҚШ елінің мемлекеттік департаментіндегі білім және мәдени бағдарлама бөлімінің бағдарламасы. Ол жоғары оқу орындарының 1, 2, 3, 4, курстарында күндізгі бөлімде оқитын студентерге арналған.

Бағдарлама тек Қазақстандық студенттеге ғана емес, сонымен қатар, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Украина, Өзбекстан елдеріндегі студенттерге АҚШ елінде 1 академиялық жыл білім алуға мүмкіндік береді.

Немесе DAAD. Бұл академиялық ауысымның германиялық қызметі. Оған волонтерлерге арналған жобалардың біріне қатысуға болады. AIESEC өз кезегінде өзге елдердегі тіршілікпен танысқысы келетін қалаушыларды жиі жинайды. Өзіңді Work & Travel бағдарламасының қатысушы ретінде көруге де болады. Work & Travel бағдарламасының мүшелері АҚШ елінде қызмет көрсету саласында еңбек етеді. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mgubs.ru 

12229 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 12 наурыз 2013, 17:26
Пікірлер
+0
12 наурыз 2013, 18:26

Болашаққа түсіп "келешек" болып қайтыңыз

+0
12 наурыз 2013, 18:32

Ех, менің орындалмаған арманым ғой .... :cry:

+0
12 наурыз 2013, 20:10

Әттең нағыз ел үшін деп оқитын азаматтар шыға бермейдіғой шет елге. :oops:

+0
18 наурыз 2013, 14:38

ма мен катты окыгым келед шет елде. арманым орындалса екен :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...