Кешегі тентек - бүгінгі тұлға

Кешегі тентек - бүгінгі тұлға

Танымал адамдардың барлығы мектепте үздік немесе жақсы оқығандары бәрімізге белгілі. Бірақ, олардың кейбірі бірден көзге түседі. Дегенмен, олар өмірде өз дегендеріне жете алды. Салыстырмалылық теориясының авторы Альберт Эйнштейн сол қалпы гимназияны бітірмей кеткен. Бірақ, физика бойынша Нобель сыйлығын алды.

Атақты суретші Сальвадор Дали 15 жасында әдепсіз қылықтары үшін сопылық мектептен қуылған. Алайда, испан данышпаны бала кезінен бастап сурет өнеріндегі айтарлықтай жетістіктерін көрсеткен.

Грек миллиардері Аристотель Онассисті мектептен бір емес, бірнеше рет шығарған. Бір рет ол ағылшын тілінен сабақ беретін жас мұғалім қызды шымшып алғаны үшін оқу орнын ауыстыруға мәжбүр болған. Болашақ миллионер жиі сабаққа бармаған. Алайда, мұның бәрі Онассиске әлемдегі ең дәулетті адамдардың қатарынан көрінуге кедергі бола алмады.

Голливуд актері Сильвестер Сталлоне бала кезінде және жас кезінде де тәртіптілердің қатарынан болмаған. Соның салдарынан болашақ жұлдыз он шақты оқу орнын ауыстырып үлгерген. Ақырында, ол тек бұзақы балалар оқитын арнайы мектептен бір-ақ шыққан екен.

Музыканттар дәстүр бойынша оқуға деген құлшынысымен ерекшеленбейді. Әнші Аврин Лавин соның айқын дәлелі. Ол сабаққа қарағанда спортпен айналысуды ұнатқан. 10 жасында ол хоккей командасына қабылданған. Төбелес пен сабаққа қатыспағаны үшін Лавин үш рет мектеп ауыстырған екен.

Ресей футболының жұлдызы Андрей Аршавинді де кезінде мектептен шығарған екен. «Төрттік» баға алған (футболшының ойынша, жөнсіз бағалау) ол сынып журналын жыртып тастапты.

Сергей Жигунов былайша айтқанда, бала кезінде тентек болған екен. Соның салдары оның оқу үлгеріміне қатты әсер еткен. Әдеттегі бағасы «үштік», математикадан алатын бағасы «екіліктен» жоғары болмаған. Сондықтан, ол сегізінші сыныпты тәмамдаған соң басқа мектепке ауысқан. Сонымен қатар, оны бірнеше рет музыка мектебінен шығарған кездері де болыпты, бірақ, оны әрқашан қайта қабылдап отырыпты.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: positime.ru, prikolnye-smeshnye.ru, biztimes.lv, gandex.ru, sport.news.am, belradio.net

Ж. FM