Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Астероид, метеор, метеорит, метеороид – айырмашылық бар ма?

Астероид, метеор, метеорит, метеороид – айырмашылық бар ма?

Астероид, метеор, метеорит, метеороид – айырмашылық бар ма?

Соңғы уақытта "астероид", "метеор", "метеорит", "метеороид", "болид" деген сөздерді жиі айта бастадық. Себеп те жоқ емес. Себептен бұрын, аталған сөздерді синоним ретінде қаншалықты дұрыс қарастырып жүрміз? Ондай болса, қандай айырмашылықтар бар екен? Осылар туралы әңгіме өрбітеміз.

Астероид (ежелгі грек тілінде ἀστεροειδής - "жұлдыз іспетті") деп салыстырмалы түрде ғарыштық обьектіні айтады. Ара-тұра оларды кіші планеталардың қатарына жатқызып жататындар бар. Бірақ олардың планетамен салыстыруға келмейтін кіші көлемдерін есепке ала отырып, соңғы уақыттарда "ғарыштық қалдықтар" деген ат жиі қолданылып жүр.

Бүгінгі таңда Күн айналасында миллиондаған астероидтар бар. Олардың шамамен алғанда 750 мыңдайы Марс пен Юпитер орбиталары аралығында "астероид белдеуін" құрайды. Аталған обьектілердің көлемі диаметрлік тұрғыдан алғанда бірнеше, тіпті, одан да көп километрлерге созылып жатыр. Мәселен, Церера астероидының диаметрі 940 километрге пара-пар екен.

Метеор (ежелгі грек тілінде μετέωρος - "аспан" деген ұғым) – Жер атмосферасына түсіп, күйіп кететін кез келген ғарыштық дене немесе астероид. Біз оларды "аққан жұлдыз" деп жатамыз. Егер метеордың жерге түсіп келе жатып бір бөлігі сау қалса, онда метеоритке айналады.

Метеориттерді көбіне темір мен тас деп екі түрге бөледі. Аттары айтып тұрғандай, темір метеориттердің құрамы тоқсан пайызға дейін темірден тұрады. Ал тас метеориттердің құрамында кремний, магний, темір мен тағы да көптеген элемент түрлері кездесіп отырады.

"Метеороид". Күнді айналып жүретін астероид пен құйрықты жұлдыздар (комета) осы бір терминге түсініктеме бола алады. Өз кезегінде ескерте кететіні, астероид пен метеорид арасында анау айтқандай айырмашылық жоқ. Бар айырма - біріншісінің екіншіге қарағанда үлкендігі. Соған қарамастан, атмосфера қабатына өтіп, толық жанып кеткен жағдайда "метеор" деген жалғыз атау ғана беріледі. Ал метеордың жарылуы барысында орын алған отты алауды "болид" деп айтады.

сурет:space.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

6807 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 19 ақпан 2013, 16:17
Пікірлер
+0
19 ақпан 2013, 16:12

Жақсы болды мына ақпарат :roll:

+0
19 ақпан 2013, 16:13

Челябиндегі метеорит 21 желтоқсанда түскенде жақсы болар еді. Қорыққанның көкесін сонда көретін едік.

+0
19 ақпан 2013, 16:17

не дедің өзің шатастырып жібердің ғой :lol: :lol:

+0
19 ақпан 2013, 16:24

қорқа бастадың ба? :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
21 ақпан 2013, 13:11

Жақсы ақпарвт бірақ құласа ең қауіпті

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...