- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Жер ғаламшарына тез...
Жер ғаламшарына тез жылынудың қаупі төніп тұрған жоқ
Британдық ғалымдар "Жер шарына алдағы жылдарда тез жылынудың қаупі төніп тұрған жоқ. Климат өзгере бермек, бірақ баяу қарқынмен" дегенді айтты.
Ғалымдардың есебі бойынша, ғаламшар температурасы өсе бермек, бірақ мамандар күткен болжамнан 22%-ға баяу болмақ. Бұл жөнінде Ұлыбритания метеобюросы хабарлап отыр.
Зерттеушілердің ойынша, әлемдік жылынудың бәсеңдеуіне табиғи әсерлер себепші. Нақтырақ айтсақ, Күн мен мұхит ағыстарындағы өзгерістер жылынуды едәуір тоқтатқан. Бірақ, осы табиғи жағдайлар тоқтағаннан кейін, ауа температурасы тағы да көтеріліп, ғалам жылына бермек.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: vokrugsveta.ru
Б. Қосмағамбет