1919 жылы Германияда Рудольф Штайнердің жетекшілігімен жұмыс істейтін балалар мектебі ашылды. Штайнер философиясының негізі, вальдорф педагогикасының базалық аксиомасы – баланы интеллектуалды ынталандыруды толықтай теріске шығару.
Басты қағидалары:
Вальдорф педагогтарының пікірінше, баланың дамуына басты себепкер – анасымен қарым-қатынасы. Физикалық, эмоциялық, рухани тұрғыда да анасымен тығыз байланыста болуы. Ол омырау сүтінен, бала күтімінен, қолға көтеруден, мейірімнен, ойнаудан – барлығынан көрініс табады. Штайнер бала жасқа толғанша алған әсері емес, тыныштығы мен қорғалуы маңызды екенін алға тартады. Өз денесімен танысу, жақындарына бауыр басу, еңбектеу – міне қазір балаға керегі осы ғана. Нәресте әр жетістікке жеткен сайын оған көмек керек. Бірақ әңгіме мұндай ынталандыруда емес. Барлығының өз уақыты бар. Ата-ана баласын толықтай махаббатына бөлеп, оған үлгі болуымен көмектесе алады.
Штайнер әдіснамасының өзгелерден өзшегелігі есеп-қисап, жазу-сызумен әлі мектепке бармаған баланың басын ауыртпайды. Вальдорф педагогтары үшін баланың интеллектісінде шығармашылыққа қабілетті болуы маңыздырақ. Сол себепті бала мектепке барғанға дейін толықтай ойынға қануы тиіс, тек осылай ғана түйсігі мен қиялы жақсы дамиды. Балалар бормен, бояумен сурет салады, балшық пен балауыздан мүсіндер құрастырады, оларға ешқандай тапсырма берілмейді, барлығы өз қалауынша, табиғатта көбірек уақыт өткізеді. Сәбилерге ешқандай «сабақ» жоқ, олар немен айналысатынын тек өздері таңдайды.
Бұл әдіс сізге сәйкес келе ме?
• Балаңызды қарапайым, дәстүрлі мектепте оқытуды мақсат тұтсаңыз, бұл әдіс сіз үшін емес. Вальфдор әдістемесіне ерте үйренген балалар мектеп пәндері мен тәртібіне тез үйрене алмайды. Оның үстіне қазіргі мектептердегі қабылдау емтиханына берілетін сұрақтардан баланың хабары жоқ.
• Штайнердің жетілдіру қағидасы өз қолымен бірдеңе жасауға құлқы жоқ, уақыты да аз ата-аналарға сай келмейді. Вальдорф педгогикасының басты шартының бірі – әртүрлі заттар мен ойыншықтарды қолдан құрастыру.
Егер бұл әдіс сәйкес келмесе басқа әдіснамалармен танысып шығыңыз:
Баланы жетілдіру: Монтессори әдістемесі
Никитиндер әдістемесі
Гленн Доман және Сесиль Лупан әдістемесі