Борис және Елена Никитиндер Кеңес заманындағы ең атақты ата-ана атанды. Өйткені олар жеті баланы педагогика ілімі бойынша өсіріп, жетілдіріп, тәрбиелеп шығарды және ата-аналық тәжірибелерін бастан-аяқ кітап етіп жазды.
Басты қағидалары
Никитиндер жүйесінің ортасында бала тұрады. Авторлар балалардың миы өздігінен жетілуге қабілетті деп есептейді, оларға тек үлкендер тарапынан мұқият, мақсатты, жүйелі түрде көмектесіп отыру жеткілікті. Оған баланың мүмкіндігі мен қалауын қосыңыз. Монтессори әдіснамасы секілді Никитиндер де толықтай бостандық беріп, не қаласа соны істеуге мүмкіндік туғызады. Бала – өз өзіне қожайын, сондықтан ата-анасы ештеңеге араласпауы керек, тек өмірдегі қиын мәселелерді шешуге ғана көмектеседі. Мәселе шешу дегеніміз балаға дайын шешімді ұсыну емес, түйткілдің түйінін бала өзі табуға бағыт беру. Никитиндердің пікірінше, баланың шығармашылық қабілетін толықтай дамытып, оны өмірге дайындау.
Никитиндердің негізгі әдісі: жетілдіретін орта, баланың алда болу қабілетін іске асыру, шынықтыру және интеллектуалды ойындар.
• Жетілдіру ортасы – баланың қандайда бір іске қызығушылығын оятып, оны жетілдіру.
• Никитиндер баланың қолынан келетін іске араласпауға үндейді. Ата-ананың міндеті – баланың өз бетімен жүре алуын және шығармашылық қабілетін мадақтау. Балаға өз пікіріңді танбау және қателіктерін түзеуге асықпау.
• Никитиндер әдістемесі физикалық жетілуді жаттығу, шынықтыру, жүзумен ұштастырады. Оның негізгі тезисі: «бала денесі – таным құралы». Үнемі қозғалыста болу, өте жұқа киіну, пайдалы тағамдар, таза ауа – осындай жағдайда бала денесі оның интеллекті дамуына көмектеседі.
• Борис Никитин жасаған интеллектуалды ойындар бүгінде кейінгіге «мұра» ретінде танымал. Әр ойын – текшенің, кірпіштің, шаршының, құрастырғыштың көмегімен тапсырма орындауға құрылады. Басты шарты ертегімен көмкеріледі, ата-ана берілген материалдарды қатыстырып, оқиға құрастыруы қажет.
Бұл әдіс сізге келе ме?
• Образдық ойлау қабілеті, қиялы жақсы дамыған балаға текшелерді құрастырып, абстрактілі пішіндердің суретін салу аса қызықты бола қоймас. Бұл әдіснаманың ғұмыры аса ұзақ емес.
• Бөлмеге әртүрлі кестелер, карталар, сызбалар іліп қоюдың балаға еш пайдасы болмайды деп есептейтін ата-аналарға да бұл әдіснама ұнай қоймайды.
• Никитиндердің физикалық тәрбиелеудегі ұстанымдары (салқын сумен жуыну, жалаң аяқ жүру) уайымшыл ата-аналарға сәйкес келмейді.