English lessons: Леди Гага мен Брэдли Купер әндері не жайында?

English lessons: Леди Гага мен Брэдли Купер әндері не жайында?
Фото: massaget.kz

Соңғы жылдары фильмдер мен әндер арқасында ағылшын тілін үйренуге тырысатындардың саны артып келеді. Өйткені, тыңдау дағдысын тек осылайша қалыптастырамыз. Ал бүгінде сөздері анық естілетін, нақты мағынаға ие әндерді кездестіру қиын. Бүгін біз ұсынғалы отырған ән 2018 жылдың 27 қыркүйегінде жарыққа шықса да, әлі күнге жиі тыңдалатын әндердің қатарында. Леди Гага мен Брэдли Купердің орындауындағы ән "Жұлдыздың туылуы" (Звезда Родилась) атты фильмнің басты саундтрегі болған еді. Арнайы ағылшын тілін үйреніп жүрген жандар үшін аталмыш әннің аудармасын ұсына отырып, кеңінен қолданатын тіркестерді мен сөздерді көрсетеміз.

"Shallow" – "Таяздық"

Tell me something, girl
Маған мынаны айтшы, бойжеткен. 

Are you happy in this modern world?
Мына жаңа әлемде бақыттымысың?

Or do you need more?
Әлде бұдан да көп нәрсе керек пе?

Is there something else you are searching for?
Өзге іздегенің бар ма? 

I’m falling
Мен құлап келемін

In all the good times I find myself longing for change
Бәрі жақсы сәтте,тың өзгерістерді аңсаймын

And in the bad times, I fear myself
Басыма күн туғанда, өзімнен жасқанамын. 

Tell me, something boy
Маған мынаны айтшы, жас жігіт.

Are not you tired trying to fill that void?
Мына қуысты толтырамын деп шаршамадың ба?

Or do you need more?
Әлде бұдан да көп нәрсе керек пе?

Ain't it hard keeping it so hardcore?
Әркез күшті болып көріну қиын емес пе?

I am off the deep end, watch as I dive in
Мен тұңғиықтамын, қарашы, қалай батып барамын.

I will never meet the ground
Енді жер бетіне оралмаймын.

Crash through the surface, where they can not hurt us
Бізге ешкім зиянын тигізбейтіндей шекараны бұзамын. 

We are far from the shallow now
Біз енді таяздықтан алыстамыз 

In the shallow, shallow
Таяздықтан, таяздықтан

Әндегі тіркесті етістіктер (Phrasal Verbs)

• Searching for – бір нәрсені іздеу. Кеңінен тараған синонимі – looking for. Жеке мағынасында қарастыратын болсақ, search (V) – іздеу, оқу, іздестіру, зерттеу. Ал, for – көмекші есім, "үшін", "дейін" деген мағынада қолданады.
Мысалы: Search now in progress 7 hours, 35 minutes – Іздеу жұмыстары  7 сағат, 35 минутқа жалғасты. I bought this cake for Alibek – Бұл тортты Әлібекке сатып алдым.

• Longing forтырысу, сағыну, аңсау. Longing сөзінің мағынасы – қалау, тілек.
Мысалы: Science is another way to express this longing – ғылым өзіңнің қалауыңды білдіретін ерекше жол.

• Dive in бату, сүңгу деген мағынаны білдіреді.
Мысалы: N
ow to dive in this pool of clear blue water – таза. сөлдір сулы бассейнге сүңгімекпін. 

• Crash through – бұзу, жарып шығу, сындыру, қирату.
Мысалы:
You look like you're here to crash through her door – оның есігін қиратқалы тұрғандай көрінесің.

Сөздік қорды көбейту үшін: 

• Оff the deep end – тұңғиық, тереңінде болу. Off өшіру, істен шығару болса, deep end – түбі, терең деген мағынада қолданылады.
Мысалы: Turn off the music, please – Өтінемін, музыканы сөндіріңізші. Now, I think the throwing Aibar into the deep end of real-life... might do her some good –  Қазір Айбар шынайы өмірдің осы түбінде қалдырғанымыз дұрыс деп ойлаймын, ол өзі үшін жақсы болады. 

• void – қуыс, бос, құр. Академиялық сөздікте құнсыз, жарамсыз мағынасында да қолданады.
Мысалы: Any agreement providing otherwise is void – басқа нәрсені көздеген кез келген келісімшарт жарамсыз.

• Surface – белгілі бір заттың не дененің сыртқы не ішкі шекарасы, беткі қабат.
Мысалы: They scratch the surface and never think to look within – олар тек сыртын тырналай береді, бір уақыт ішіне үңілуді ойлаған емес.

• Hardcore – жұмысына берілген, еңбекқор, күшті, ешкімге есе жібермейтін.
Мысалы: Aslan is hardcore worker.

Т. Есқали