Ғалымдар Меркурий бетінен смайлик тауып алды

Ғалымдар Меркурий бетінен смайлик тауып алды

NASA ғалымдарының арқасында Күнге ең жақын Меркурий ғаламшары бетінен смайликке қатты ұқсас объект суретке түсіріліп алынды.  

Сурет NASA ғарыш агенттігінің алып телескопы арқылы түсіріліп алынған екен. Меркурий бетін зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар да бұл суреттің нақты не нәрсе екенін айта алмай отыр. Жақында осыған ұқсас жағдай болған еді. Бірақ ол кезде ғалымдар смайликтің емес, Меркурий кратерлерінің бірінен Микки Маустың түрі бейнеленген суретті түсіріп алған. 

7

Соңғы болған жағдайға байланысты ғалымдар NASA-ның жеке сайтында: "Меркурий бетінің күрделілігі мен кратерлердің әртүрлілігі осындай смайлик тәріздес бейнені қалыптастыруы мүмкін" деп түсініктеме берген. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ifakti.ru, ntv.ru

Б. Қосмағамбет