- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- «Тутанхамонның» қарғысы шындыққа...
«Тутанхамонның» қарғысы шындыққа ұласа ма? Біз білмейтін құпиялар
1922 жылы Говард Картер тапқан Тутанхамонның қабірі туралы және сол қабірді ашып қарғысқа ұшыраған жұмысшылар туралы оқиғаны каирлық корреспондент «Дейли экспресс» каналынан айдай әлемге жария қылды.
Кейінірек шым-шытырық оқиға «Дейли мейл» мен «Нью-Йорк таймс» газетіне басылып шығады. Автордың жоқтан барды жасайтын қабілеті осы жерден көрінеді. Яғни мақаланың бас жағындағы қарамен берілген сөйлемдерде мына жолдар болған:
«Қабірді ашқан адамдарға тез арада өлім келсін».
Ақитатына оралсақ, қабір басында ешқандай өлім мен қарғыс туралы сөз болып көрмеген. Бір ұқсас болуы мүмкін деп Анубис құдайының (басы ит болып жаратылған) мүсінінде кездесетін сөздер тілге тиек етіледі. Алайда, ондағы бар сөз адамдарға емес, иен даланы жалмап келе жатқан шөлге арналыпты: «Мен еспе құмға жұмбақ қоймамның көзін толтырып қоймаспын. Мен бұл жерде қорғау үшін қалғанмын».
Осының бәрі үшін сэр Артур Конан Дойлге рақмет айту керек шығар. Әрине, сэр Дойлдың өзі де Картер бастаған экспедицияның аяғы осындай у-шуға ұласып кетерін, аңдамай айтылған жалғыз сөзінің талай адамның жүрегіне шегеленіп қаларын білмеген болар.
Бұл аздай лорд Карнарвонның москиттен (жәндік шағып алған) келген өліміне Мария Корелли есімді жазушы қабір себеп болды деп көпшілікті тағы дүрліктіреді. Әйгілі жазушы бір айтып қана қоймай, марқұмға қабірді ашпау керектігін ескерткенін, әруақтардың тыныштығын бұзылатынын күні бұрын біліп келгенін қосып айта кеткен.
Шындығында, Дойл мен Корелли таратып жіберген әңгіменің бастау тарихы тым әріде жатыр. Мәселенің мәнісі - осыдан жүз жыл бұрын шыққан ағылшын жазушысы Джейн Лаудон Веббтің «Мумия» (1828) атты романы. Міне, сол шығармада қабірдің тыныштығын алған адамдар мен кек алу жолында тіріліп шыққан мумиялар туралы баяндалады.
Жұмбақ тақырыптың тарауы бір мұнда ғана жатқан жоқ. Луиза Мэй Олкоттың 1869 жылы шыққан кітабында да («Кішкентай әйелдер») мумия тақырыбында бір әңгіме кездеседі.
Және Тутанхамонның төңірегінде өрбіген талас-тартыстың барысында тарихтың қойнауында жатқан осы іспетті шығармалар тіріліп шыға келді.
Ежелгі египеттіктер соққан қабірлерде қарғыс атымен болмаған. Мәселен, «Британияның медициналық журналы» 2002 жылы осы тақырыпқа қарасты зерттеудің қорытындысын шығарды. Сонда, Тутанхамонның қарғысынан өлді делінген 26 өлімнің, оның ішінде күдік туғызатын 6 өлім де алғашқы он жылдықта орын алғаны айтылады. Және қарғысқа бірінші қатысты деп санауға тұратын Говар Картер он жеті жыл бойына бақытты өмір сүріп келген.
Осыған қарамастан, адамзат санасы «Тутанхамонды» ұмыта алмай келеді. Жақында ғана Сан-Францискодағы ұлттық мұражайдың күзетшісі (1970 жылдан бастап мүмиялардаң жанынан табылған заттар осында тасылған) шағым түсірді. Онда ол кенеттен келген жүрек талмасын «мумияның қарғысы» деп есептейтін көрінеді.
Ең қызығы сол, бойы 1 м 70 см болған 19 жастағы фараон (Тутанхамон) айтылып келгендей туған бауырларының қолынан өлмеген. Дәлірек айтсақ, жас жігіттің сынған аяғы жараға ұласып, өз кезегінде өлім шақырған болып шықты. Ғалымдар бұл туралы шындықты Тутанхамонның сүйегін компьютерлік зерттеуден соң анықтап отыр.
Суреттер:pharaonsage.ru; websonic.n
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига