Кітап оқу қаншалықты өзекті?

Кітап оқу қаншалықты өзекті?

Кітап оқу адамдарға мақала оқу мен фильм көргеннен гөрі, басқаша әсер береді. Адамның даму бағытын өзгертеді.

Кітап оқу жазуды үйретеді:
Қазір жастардың арасында жазуға құмартатындар көп. Соның ішінде, жазушы, сценарист әрі блогер болуды армандайтындар бар. Жазушылық дағдысын дамыту үшін олар жазуға көбірек көңіл бөледі де, кітап оқу міндетті екенін естен шығарып алады.

Стивен Кинг жас жазушыларға кеңесінде тек оқу мен жазу көмегі арқылы жазушы болуға мүмкіндік барын айтқан еді. Кейбір адамдар мұнымен келіспейді. Сценаристке классиканың керегі не деп ойлайды? /
Бірақ, жазушылыққа құмар адам міндетті түрде кітап оқу арқылы тәжірибе жинауы тиіс.

Оқу – шабыт көзі:
Бірақ, электронды мақалалар мен визуалды медиа ғасырында кітапты қалай оқуға болады? Әрине, кітапты сүйіп оқитындар мұның маңызды екенін атап көрсетеді. Дегенмен, арамыздан кітап оқуға күші мен уақыты жетпейтіндер табылатыны анық.

Бір жағынан біздің айналамызда болып жатқан оқиғалардан құр қалмауымыз керек. Бірақ, бұқаралық ақпарттар құралдарының беретін мәліметіне әр уақытта сақтықпен қарауды естен шығармаған жөн.

Ал, кітаптар да көбіне шындық жазылады. Шындық, әрине, тура жеткізілмейді. Бірақ, түсінген адам ақиқатты аңғара алады. Кітап та БАҚ түрі. Бірақ,  ең ерекше бағыт. Одан алған әсер мақалалардан әсерге ұқсамайды.

Көп адам үшін кітап оқу шабыт сыйлатын негіз болып қалмақ.

Мүмкін сіз әлі өзіңіздің жаныңызға жақын шығарман кездестірмеген боларсыз. Кітапты оқуды тоқтатпаңыз. Сонда ғана есіңізде мәңгі сақталатын, сіз қиналған сәтте жұбаныш болатын туындыны табасыз.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді