Ағылшын тілінде сауатты сөйлеңіз

Ағылшын тілінде сауатты сөйлеңіз
Фото: http://photo.elsoar.com/

Қанша жерден ағылшын тілін керемет білемін деп санасыңыз да, сізді ұстап беретін қателіктер жетерлік. Соның бірі – қазақшадан тікелей ағылшынға аудару. Өйткені, екі тілдің өзіне тән ерекшеліктері бар.

1. I feel myself

 «Мен өзімді жақсы сезінемін» деген ойыңызды қалай жеткізген дұрыс.

    • Бұрыс: I feel myself well.
    • Дұрыс: I feel well.

I feel myself деген ойыңыз шетелдіктер үшін дөрекі естілуі мүмкін. Сіздің сауатсыздығыңызды аңғартады. Сондықтан Myself (himself, herself) секілді өздік есімдікке қатысты сөздерді орнымен қолданыңыз.

2. Brilliant

 «Гауһар тасты жүзік» деген тіркестің аудармасы қалай?

     • Бұрыс: brilliant ring.
     • Дұрыс: diamond ring.

Brilliant — орыс тіліндегі бриллиант сөзіне қатты ұқсайды. Дегенмен, оның ағылшын тілінде қолданысы «керемет» сөзіне сәйкес келеді. Brilliant ring —  бұл гауһар тасты жүзік емес, керемет жүзік.

3. Normal

 «Қалың қалай?» деген сұраққа қалай жауап беру керек?

     • Бұрыс: I’m normal, thank you.
     • Дұрыс: I’m fine, thank you.

Орыс тілінен енген «Нормально» сөзін қазақтар да сөз арасында жиі қолданады. Тікелей аударма орташа болғанына қарамастан, жақсы деген мағынада тілімізге тиек болады. Бірақ, ағылшын тілінде оны қолданудың өзі бір түрлі.

Сіздің «I’m normal, thank you» деген жауабыңыз, «Рахмет, менің есім дұрыс» деп аударылады.

4. Enough

Еnough сөзін сөйлемде қалай қолданады?

    • БұрысIs he enough smart to understand this book?
       She spoke French enough well to pass the exam.
    • ДұрысIs he smart enough to understand this book? 
       She spoke French well enough to pass the exam.

Ағылшын тілінде «enough» сөзі зат есімнің алдына қойылады. Бірақ өзге сөйлем мүшелерінен кейін қойылатынын естен шығармаңыз:сын есім (smart), үстеу (well), етістік.

5. Please

Ағылшын тілін үйреніп жүріп, осы сауалға келгенде жауап таппай қиналамыз. «Thank you» деген сөзге қалай жауап қатамыз?

     • Бұрыс: Please.
     • Дұрыс: You’re welcome.

«Оқасы жоқ» деген сөзді тікелей «Not at all» деген аудамасын да естідік. Бірақ, бұл сөзіңізде саяхаттап жүріп шетелдіктерге айтсаңыз, олар түсінбейді. «Мархабаттың» орысша аудармасы – пожалуйста. Оны да тікелей аударамын деп «please» деп жүрмеңіз. Ол – өтініш айтқанда ғана қолданатын сөз.

6. Learn

 «Ол қай жоғары оқу орнында оқиды» деген сұраққа қалай жауап бересіз?

     • Бұрыс: She learns Advanced Mathematics at university.
     • Дұрыс: She studies Advanced Mathematics at university.

Бір-біріне ұқсайтын бұл сөздерді жиі шатастырасыз ба? Онда есіңізде сақтап алыңыз: learn – бұл бір нәрсені үйрену, studу – белгілі бір ортада оқу, teach – үйрету.  

7. Freely

 «Біз ағылшын тілінде еркін сөйлейміз». Мұның аудармасы қалай?

     • Бұрыс: We speak English freely.
     • Дұрыс: We speak English fluently.

Тілге байланысты «еркіндік» сөзін қолданар болсаңыз, мідетті түрде «fluently» сөзін айтып, өзіңіздің шынымен еркін меңгергеніңізді дәлелдеңіз.

8. Do

 «Маған кофе жасап берші» деген сөйлемді қалай аударамыз?

     • Бұрыс: Do some coffee, please.
     • Дұрыс: Make some coffee, please.

Жоғарыда атап өткен оқу мен үйрену секілді, make пен do сөздерінің айырмашылығы бар. Do белгілі бір іс-әрекетке қолданады. Яғни, сіздің қозғалысыңыз. Make – қолдан жасап шығару. Бір нәрсені құрастыру барысында make сөзін қолданасыз.   

9. Say

 «Ернұр ата-анасына жұмыстан ұсыныс түскені туралы айтты». Аудармасы қалай?

     • Бұрыс Yernur said his parents about a job offer.
     • Дұрыс: Yernur told his parents about a job offer.

Say тіркесін қолдану барысында баяндаушы бар назарын ақпаратқа аударады. Тell тіркесі кезінде назар ақпаратты қабылдаушы адамға ауады. Яғни, tell сөзінен соң міндетті түрде қосымша тіркестер жалғанады (tell me/him/us)

10. Possibility

 «Шет елде оқу мүмкіндігін жіберіп алма» сөйлемі кезінде қандай қателік жібермеу керек?

     • Бұрыс: Don’t miss the possibility to study abroad.
     • Дұрыс: Don’t miss the opportunity to study abroad.

«Мүмкіндік»  болжам ретінде қабылданса — possibility сөзі, ал «шанс» ретінде болса opportunity сөзін қолданады.

11. Comfortable

 «Кездесуге ыңғайлы уақыт» тіркесінің аудармасы қалай?

     • Бұрыс: comfortable time to meet.
     • Дұрыс: convenient time to meet.

Екі сөздің де аудармасы – ыңғайлы. Бірақ, ағылшынша comfortable — физикалық, эмоциялық сезімдердің көрсеткіші болса, convenient — сәйкеc келетін деген оймен көбірек үйлесім табады.

12. Useful

 «Пайдалы азық» ағылшынша қалай?

     • Бұрыс: useful food.
     • Дұрыс: healthy food. 

 Қазақ тілінде «Пайдалы» құралдармен қатар, тамақ та бола алады. Ал, ағылшынша тамақ тек healthy.

13. Very

 «Сен маған қатты ұнайсың»?

     • Бұрыс: I very like you.
     • Дұрыс: I really like you.

«I like you a lot» деген нұсқаны да қолдануға болады немесе «very» сөзін қолдануды қалап тұрсаңыз мына нұсқаны көріңіз — «I like you very much».

14. Girlfriend

 « Гүлназ құрбысымен бірге дүкенге кетті»

     • Бұрыс: Gulnaz went shopping with her girlfriend.
     • Дұрыс: Gulnaz went shopping with her friend.

Her girlfriend — «оның құрбысы» емес, «оның сүйікті қызы» болып аударылатынын естен шығармаңыз.

15. City

 «Мен Алматы қаласынанмын» сөйлемін қалай аударасыз?

     • Бұрыс: I’m from Almaty city.
     • Дұрыс: I’m from Almaty.

Ағылшын тілділер кейде «city» сөзін құрама штаттар мен қалаларды шатастырып алмау үшін қолданады. Бірақ, шетелдіктер үшін мұның керегі шамалы. Әрине, қоссаңыз қате емес. Бірақ, ағылшындар үшін бұл күлкілі естіледі.

Егер қазақшадан ағылшынға тікелей аударып сөйлеу әдетіңізде болса, онда ағылшын тілінің деңгейін көтеру мүмкін емес. Сондықтан, ағылшынды жаңа тіл ретінде қабылдап, басынан бастап оқыңыз. Сөздерді орнымен қолданыңыз. Тіл тазалығы деген ұғым тек қазаққа емес, бар әлемге тән құбылыс екенін естен шығармаңыз. 

Т. Есқали