Пиар (PR) мен жарнаманың айырмашылығы

Пиар (PR) мен жарнаманың айырмашылығы
Фото: Ogodom.ru

Күнделікті өмірде мағынасы жақын көп сөзді синоним ретінде қолдана береміз. Алайда әрқайсысын өз орнымен қолдану қажет сөздер бар. Сіз пиар мен жарнаманың айырмашылығын білесіз бе? Жарнама сөзі түсінікті. Ал пиар атауы ағылшынның «Public Relations» – «қоғаммен байланыс» сөзінен шыққан, бұл сөзді бүгінде жарнама жасау ұғымымен қатар қолданатындар бар.

Жарнама тауарды сатуға бағытталады, ал пиар өнімнен бренд жасап шығарады.

Пиар жақсы жасалса, тұтынушы сәтсіз жасалған жарнаманы да «кешіре» алады.

Жарнамада қулық жасап, айлакерлікке баруға болады, ал пиар жасағанда бұл пиғыл іске аспайды.

Жарнамалық роликтер (баннер) көрсетілімге шығарылмайды, ал пиарға тосқауыл қоя алмайсыз.

Жарнаманың сюжеті есте жақсы сақталады, алайда тауардың маркасы, нені жарнамалап жатқаны есте сақталмауы да ғажап емес, ал пиар жасағанда ең бірінші есте қалатыны – бренд.

Жарнама арқылы бір-ақ күнде ағып түсетін жұлдыз болуыңыз мүмкін, ал пиар сыйлаған атақ-абыройдың ғұмыры ұзақ.

Жарнама өнерге айналып кетуі мүмкін, ал пиар тек шеберлікке байланысты.

Жарнама ақшаға жасалады, ал пиар махаббатпен жасалады.

Жарнамаға өзгелердің күмәні көп болады, ал қоғаммен байланыстың ықпалы күштірек. Себебі ең басты айырмашылық, жарнаманы тауарды өндіруші жасайды, ал оны тұтынған жандар сол тауарға пиар жасайды.

@. @assel_assanova