- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Латын афоризмдері қазақ...
Латын афоризмдері қазақ тілінде #1
Кітап оқитын адам үнемі латын тіліне кезігіп отырады. Классикалық әдебиетте де, жаңа заман әдебиетінде де көптеген латын фразалары немесе афоризмдері кең қолданыс тапқан. Олардың қазақ тіліндегі баламалары бірде болса, бірде болмайды. Сондықтан, біз өз оқырмандарымызға латын тіліндегі қанатты сөздердің қазақ тіліндегі нұсқасын бірнеше мақала арқылы ұсынып отырмыз. Орайы келгенде қолдана жүрсеңіз, санаңызға тез сіңері анық.
1. Рotentia est. — Күш білімде.
2. Vita brevis, ars longa. — Өмір – қысқа, өнер – мәңгі.
3. Volens – nolens. — Қаласа да, қаламаса да.
4. Historia est magistra vita. — Тарих – өмірдің ұстазы.
5. Dum spiro, spero. — Өлгенше үмітім үзілмейді.
6. Per aspera ad astra! — Қиындықтар арқылы шыңдарға!
7. Terra incognita. — Бейтаныс жер.
8. Homo sapiens. — Саналы адам.
9. Sina era est studio. — Ашусыз, қызығушылықсыз (бейтарап).
10. Cogito ergo sum. — Ойлай алғаным тіршілігімнің белгісі.
11. Non scholae sed vitae discimus. — Біз мектеп үшін емес, өмір үшін оқимыз.
12. Bis dat qui cito dat. — Тез берген екі есе береді.
13. Clavus clavo pellitur. — Жіткен оқты атқан оқ табады.
14. Alter ego. — Екінші "мен".
15. Errare humanum est. — Адам болған соң қателеседі.
16. Repetitio est mater studiorum. — Қайталау – ғылым анасы.
17. Nomina sunt odiosa. — Жек көрінішті есім (Біреуге ұрысқанда оның есімін атаудың қажеті жоқ).
18. Otium post negotium. — Алдымен іс жаса, кейін тынық (Құлша жаса, бише іш).
19. Mens sana in corpore sano. — Тәні саудың жаны сау.
20. Urbi et orbi. — Қала үшін және әлем үшін.
21. Amicus Plato, sed magis amica veritas. — Платон – менің досым, бірақ, шындық қымбат.
22. Finis coronat opus. — Істің біткені де – нәтиже.
23. Homo locum ornat, non locus hominem. — Орын адамның емес, адам орынның көркі.
24. Ad majorem Dei gloriam. — Құдай атымен.
25. Una hirundo ver non facit. — Бір қарлығаш көктем жасамайды.
26. Citius, altius, fortius. — Тезірек, биігірек, күштірек.
27. Sic transit gloria mundi. — Атақ осылай өтеді де кетеді.
28. Aurora Musis amica. — Аврора – музаның құрбысы.
29. Tempora mutantur et nos mutamur in illis. — Заман өзгереді, онымен біз де өзгереміз.
30. Non multa, sed multum. — Көп ойды аз сөзбен айт.
31. E fructu arbor cognoscitur. — Ағаш жемісіне қарай танылады.
32. Veni, vidi, vici. — Келдім, көрдім, жеңдім.
33. Post scriptum. — Жазылғаннан кейін.
34. Alea est jacta. — Жеребе тасталды.
35. Dixi et animam salvavi. — Мен сөз айттым, сонымен жанымды сақтап қалдым.
36. Nulla dies sine linea. — Бір жол жазбай күн өтпейді.
37. Quod licet Jovi, non licet bovi. — Біреуге рұқсат етілгені, сіздің де құқығыңыз бар деген сөз емес.
38. Felix, qui potuti rerum cogoscere causas. — Құбылыстардың себебін ұққан адам бақытты.
39. Si vis pacem, para bellum. — Бейбітшілікті қаласаң соғысқа дайын бол.
40. Cui bono? — Кімге пайда?
41. Scio me nihil scire. — Мен өзімнің ештеңе білмейтінімді білемін.
42. Nosce te ipsum! — Өз-өзіңді таны!
43. Est modus in rebus. — Заттардың өз өлшемі бар.
44. Jurare in verba magistri. — Ұстаз сөзімен ант ету.
45. Qui tacet, consentire videtur. — Үнсіздік – келісімнің белгісі.
46. In hoc signo vinces! — Бұл байрақ астында тек жеңіс! (Сим победиши!)
47. Labor recedet, bene factum non abscedet. — Қиындық бітер, жақсы іс қалар.
Non est fumus absque igne. — Жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды.
49. Duobus certantibus tertius gaudet. — Екеу алысса – үшіншісі қуанады.
50. Divide et impera! — Бөліп ал да, билей бер!