Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен күтетін мереке
Мен күтетін мереке

Автор: Гүлжанар Жарқынбекқызы

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / IELTS - ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған халықаралық емтихан

IELTS - ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған халықаралық емтихан

IELTS - ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған халықаралық емтихан

IELTS (International English Language Testing System) – ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған халықаралық емтихан.

IELTS тестін атақты үш халықаралық мекеме басқарады:
     British Council,
     IDP: IELTS Australia,
     University of Cambridge ESOL Examinations.
Қазақстан Республикасы аумағында IELTS тестін өткізуге құқылы тек екі мекеме бар: InterPress Exams Center және Британдық Кеңес.

IELTS – ағылшын тілін тестілеуден ең танымал да сұранысқа ие емтихандардың бірегейі.
IELTS нәтижелері әлемнің 135-тен астам мемлекетінде жарамды. Сонымен қатар 6000-нан астам оқу орындары мен мемлекеттік және кәсіби мекемелер, Ұлыбритания, Канада, Жаңа Зеландия және де Австралия елшіліктері, АҚШ елінің 2500-ден астам жоғарғы оқу орындары бұл тестті мойындайды.
Жыл сайын IELTS тестін 1,4 миллионнан астам үміткер шетелдік ЖОО-рына түсу, иммиграциялану және жұмысқа орналасу үшін тапсырады.

IELTS  тесті негізгі төрт бөлімнен тұрады:
Тыңдау               (Listening)
Оқу                     (Reading)
Шығарма жазу     (Writing)
Тілдесу                (Speaking)

Тест форматы мен құрылымы

Listening. Барлық үміткерлерге бір нұсқадағы тест түрі ұсынылады. Тапсырманы орындауға барлығы 30 минут уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде үміткерлер тапсырмаларды тыңдап, жауаптарды емтихан кітапшасына белгілеп отырады. Тест соңында жауаптарды Listening Answer Sheet-ке (жауап қағазына) бояуға қосымша 10 минут бөлінеді. Жоғарыда айтылған тест барлығы 40 сұрақ және 4 бөліктен тұрады.

Бірінші бөлікте екі адам арасындағы күнделікті диалог; екінші бөлікте жартылай ресми монолог (мысалы: радиохабар); үшінші бөлікте 2-4 студент арасындағы бейресми әңгіме (мысалы: дәріс жайлы немесе курстық жұмыс жайында);  тесттің соңғы бөлігінде үміткерлер университеттік дәрістен үзінді тыңдайды.

General Training Module (иммиграциялану мақсатымен) мен Academic Module (білім алуға) үміткерлері Reading бөлімі барысында әр түрлі тапсырмалар орындайды.

General Training Reading (иммиграциялану мақсатымен): тесттің орындалуына 60 минут уақыт беріледі. Тест 40 сұрақ және 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім хабарландырулар, тауар мен қызметтер жарнамалары секілді  қысқа мәтіндерден құралған. Екінші бөлім орта көлемді бір мәтіннен тұрады (мысалы: жұмысқа орналасудың нұсқаулары). Үшінші мәтін (шамамен 900 сөз) ең көлемді және ғылыми-танымалдық ақпаратты қамтиды. Тест ағылшын тілді ортада оқи білу, сонымен қатар оқығанын түсіне білу қабілетін тексереді. Ескерту: жауаптарды емтихан кітапшасынан Reading Answer Sheet-ке (жауап қағазы) толтыруға қосымша уақыт берілмейді, сондықтан жауаптарды бірден жауап қағазына белгілеу керек.

Academic Reading (білім алуға): тесттің орындалуына 60 минут уақыт беріледі. Тест 40 сұрақ және 3 мәтіннен тұрады. Academic Module Reading негізі ғылыми-танымал және академиялық тақырыпттардағы мәтіндерден, соның ішінде алғашқы екі мәтін суреттеу стилінде болса, соңғы мәтін үміткердің автор ойы мен дәлелдерін түсіне білу қабілетін тексеруге бағытталады. Тест мақсаты: үміткердің академиялық мәтіндермен жұмыс істей білу қабілетін анықтау. Ескерту: жауаптарды емтихан кітапшасынан Reading Answer Sheet-ке (жауап қағазы) толтыруға қосымша уақыт берілмейді, сондықтан жауаптарды бірден жауап қағазына белгілеген дұрыс.

General Training Module мен Academic Module үміткерлері Writing бөлімінде де әр түрлі тапсырмалар орындайды.

General Training Writing (иммиграциялану мақсатымен): тесттің орындалуына 60 минут уақыт беріледі (бірінші тапсырма - 20 минут, екінші тапсырма - 40 минут). Тест General Training Writing-та 2 жаттығу болады. Біріншісінде – кем дегенде 150 сөз қолдана отырып, күнделікті жағдайға байланысты эссе жазу керек; екіншісінде – үміткерлер өріс алған тақырыпқа минимум 250 сөзді қамтитын шығарма жазулары тиіс. Ескерту: емтихан барысында екінші тапсырманың біріншіге қарағанда маңыздылығы жоғары екенін естен шығармау қажет (себебі 2-жаттығуға көп уақыт беріледі), дегенмен үміткерлер екі тапсырманы да орындаулары керек.

Academic Writing (білім алуға): тесттің орындалуына 60 минут уақыт беріледі (бірінші тапсырма - 20 минут, екінші тапсырма - 40 минут). Бастапқы жаттығуда кемінде 150 сөзбен негізгі үрдістерді диаграммаға қарап баяндап беру тиіс. Екінші тапсырмада үміткер тақырыпты түсінуімен қатар, көзқарасына байланысты өзінің дәлелдерін көрсетіп шығуы тиіс (талап етілетін сөз мөлшері: минимум 250 сөз). Ескерту: емтихан барысында екінші тапсырманың біріншіге қарағанда маңыздылығы жоғары екенін естен шығармау қажет (себебі 2-жаттығуға көп уақыт беріледі), дегенмен үміткерлер екі тапсырманы да орындаулары керек.

Speaking тесті Academic немесе General Training модулі болып бөлінбейді. Құрылымы 3 бөлім және барлығы 11-14 минут уақыт алады. Тестілеу процесі мынадай: емтихан алушы бірінші кезеңде үміткерді танып-білу үшін қарапайым сұрақтардан бастайды. Келесі кезеңде емтихан алушы кез келген оқиғаны, затты немесе адамды сипаттап, баяндап беруін сұрайды. Үміткерге дайындалуға 1 минут беріледі. Соңғы кезеңде сынаушы кең көлемді, абстрактылы сұрақтар қойып, үміткердің  әңгімені түсінуіне, оның келтірген дәлелдеріне, мысалдарына қарап баға береді. Әңгіме диктофонға жазылады. Ескерту: тілдесу сессиясы негізгі емтихан сессиясынан (Listening , Reading and Writing) 7 күн бұрын немесе 7 күн кейін немесе негізгі емтихан сессиясы кезінде өтуі мүмкін.

Жалғасы бар

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

4 бөліктен тұрады
40 сұрақты қамтыған
30 минут уақыт беріледі

General Training Reading
(чтение – общий модуль)
3 мәтінге
40 сұрақ
60 минут уақыт беріледі
    Academic Reading
(чтение –модуль)
3 мәтінге
40 сұрақ
60 минут уақыт беріледі

General Training Writing
(щығрма жазу – жалпы модуль)
2 тапсырма ұсынылады
150 - 250 сөз қамту қажет
60 минут уақыт беріледі
    Academic Writing
(щығарма жазу – академиялық модуль)
2 тапсырма ұсынылады
150 - 250 сөз қамту қажет
60 минут уақыт беріледі

Speaking (тілдесу)
11-14 минут уақыт беріледі

6478 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 26 тамыз 2013, 13:48
Пікірлер
+1
23 қаңтар 2012, 23:11

Үлкен рахмет, өте пайдалы ақпарат!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...