Ағылшынша-қазақша афоризмдер

Ағылшынша-қазақша афоризмдер
Фото: bestfon.info өңделген

Әр халықтың өзіндік дүниетанымы, өмірге деген өзіндік көзқарасы бар. Ол – сол халықтың әдебиетінен көрініс табады. Халқымыздың ауыз әдебиетін алып қарасаңыз, сан мыңдаған қазына әлеміне тап боласыз. Рухани қазынамыздың ішіндегі мақал-мәтелдер біздің өмірімізде елеулі орын алады. «Мақал – сөздің мәйегі» дейді дана бабаларымыз.

Бұрынғылар айтар ойын тыңдаушыға дәл, нақты жеткізу үшін сөз арасында мақалдап сөйлеуді дағдыға айналдырған. Олар кейде ойды тұспалдап, жорамалдап жеткізу мақсатында да қолданылған. Мақал-мәтелдер қазақтың тіршілік әрекетінде, өмірлік тәжірибесі негізінде пайда болған. Бір қазақты көріп, мақал сұрай қалсаңыз, ол сізге бірнеше мақал айтып бере алады. Сол секілді әлем халықтары өмірді қалай түсінеді, дүниені қалай қабылдайды екен, солар жайлы жинаған ағылшын тіліндегі дәйексөздерді назарларыңызға ұсынамыз. 

The love helps to kill time, time helps to kill love... 
Махаббат уақытты өлтіруге ықпал етеді, ал уақыт махаббатты өлтіруге ықпал етеді.

Love is an irresistible desire to be irresistibly desired. 
Махаббат – еңсерілмейтін қуатты еңсеретін күш.

The mind is like the stomach. It is not how much you put into it that counts, but how much it digests. 
Ақыл асқазанмен жарасым тапқан. Қанша қабылдағаның емес, қаншалықты қорытқаның маңызды. 

The only thing in life achieved without effort is failure... 
Өмірде ең бастысы – не нәрсе күш-жігерсіз берілсе, сол сәтсіздікке ұшыратады...

The true love suffers silently. 
Шынайы махаббат үнсіз азап шегеді

When you love one – you love everyone. 
Егер сіз бір адамды жақсы көрсеңіз, барлық адамды жақсы көре бастайсыз. 

Pure Gold has a process of going through the heat of fire before it becomes a valuable metal. 
Саф алтын құнды металлға айналарда аптап ыстық пен жалын оттан өтеді. 

The truth is rarely pure and never simple. 
Таза шындық сирек кездеседі және ол ешқашан қарапайым болмайды. 

The way to love anything, is to realize it can be lost. 
Жақсы көрудің ең сенімді тәсілі – нені жоғалтуың мүмкін екенін түсіну. 

Time waits for no one.  
Уақыт ешкімді күтпейді. 

You can only be free when you have nothing to lose... 
Сен ештеңе жоғалтпаған кезде ғана еркін боласың...

You see beauty, I see pain. You see sky and I see acid rain. 
Сен – сұлулықты көресің, ал мен мұңды көремін. Сен – аспанды көресің, ал мен қышқыл жаңбырды көремін. 

Your embrace – is the only loop in which I climbed, even without a second thought... 
Сенің құшағың – менің еш ойланбастан баратын ыстық мекенім...

Ж. Жұмағұлов