Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Дипломсыз істеуге болатын жұмыстар

Дипломсыз істеуге болатын жұмыстар

Дипломсыз істеуге болатын жұмыстар

Жоғары оқу орнына тапсырған түлектердің тағдыры анықталды. Егер армандаған оқу орнына қабылданған болсаңыз, біз сізді құттықтаймыз. Ал жоғары оқу орнына балыңыз жетпей қалған болса, қам жемеңіз! Қалыптасқан түсінік бойынша, жоғары оқу орнының дипломысыз жақсы жұмыс табу мүмкін емес. Кәсіптік оқу орнының дипломы жалақысы жоғары, тұрақты жұмыстың кепілі емес. Дегенмен дипломсыз-ақ жұмыс жасауға әбден болады. Тек ол жұмысқа деген ебіңіз болса, болғаны. 

Осы орайда дипломсыз қандай жұмыстар істеуге болатынына жауап іздейік.

1. Фотограф. Кәсіби фотоаппаратпен сапалы суретке түсіре алсаңыз, фотоаппарат сіздің наныңыз болмақ. Дегенмен, тек сапалы етіп түсіре алсаңыз ғана... Бұған дейін суретке қалай кәсіби түрде түсіруге болатынын айтып өткен едік. Фотоға түсіру де үлкен өнер. Тынбай еңбектеніп, көп оқысаңыз ғана нағыз фотограф боларыңыз анық. 

2. Шаштараз. Шаш қиюға ебіңіз болса, бір айлық шаштараз курсын оқып алсаңыз болады. Көптеген қыз-келіншектер күтімді болып жүрулері үшін өздерінен ештеңе аямайды. Шаш қиюмен қатар тырнақ бояу, массаж жасауды да қосымша үйреніп алсаңыз, әмбебап салон қызметкері болып шыға келесіз!

3. Сатушы-кеңесші. Стилист. Егер мінезіңіз ашық болып, адамдармен тез тіл табыса білсеңіз, қысылмай түрлі бутиктер мен дүкендердің есігін қағыңыз. 

4. Тігінші. Тігіншілерді де дайындайтын арнайы курстар бар. Аз уақыт ішінде тігін тілін үйреніп алып, тіпті үйде отырып тапсырыс қабылдауыңызға болады.

5. Стюардесса. Сыртқы сұлулығыңызбен мақтана алып, ағылшынша сөйлей білсеңіз, стюардесса бола аласыз. Бойыңыз 160-175 см, киім өлшеміңіз - 46-ға дейін болса, бұлттардың арасымен жаһанның түкпір-түкпірін шарлауға дайындала беріңіз. Мінсіз мүсін мен әдемі келбет иесі болсаңыз, модельдік агенттіктерге барып, бағыңызды сынап көріңіз.

6. Бармен, даяшы. Даяшылықтан көбі қашып жатса да, даяшы болып жүріп, өз-өзіңізді жетілдірудің арқасында көтерілуге болады. Мысалы, басында жай ғана даяшы болып, кейін ағылшыншаңызды арттырып, курстарға барсаңыз, жалақысы жақсы қымбат мейрамханаларға алып қалар. 



7. Трейдер. Олар биржада валюта мен акцияларды сатып, түрлі операциялар орындайды. Трейдингпен айналысу үшін арнайы курс аяқтау жеткілікті. Сосын қол астыңызда интернет болсын. Интернет демекші, интернетті тиімді пайдалана алсаңыз, бұл күні интернет арқылы да біраз жұмыс жасауға болады. 

Десек те, жоғары оқу орнының дипломын бір алып алуға әрекет етіңіз. Осындай қосымша жұмыстар істеп жүріп, жоғары оқу орнын бітіріп алуыңызға кеңес береміз. 

Жалпы, қай саланы жаныңыз сүйсе, сол салаға қарай бейімделіңіз. Бәлкім сізден керемет фотограф, ғаламат стилист шығып қалар. Іске сәт!

Сурет: marco.az, wday.ru

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

15
Рейтинг: +7

Қосылған күні: 26 тамыз 2013, 13:59
Пікірлер
+0
14 тамыз 2012, 20:01

Жақсы материал, бірақ менімше бұл тізімді әлі де жалғастыра түсуге болады.

+0
14 тамыз 2012, 20:38

:D рақмееет, әрине мамандықтың төрт мың түрі бар деп естігем :roll:

+0
14 тамыз 2012, 20:56

шаштараздық шығады- ау менен )))

+0
14 тамыз 2012, 21:41

сатушы кеңесші қызметі мен даяшы болып істеп көргем. Өте көңілді қызықты жұмыс. Адамдармен араласу деген бір ғанибет! :)

+0
14 тамыз 2012, 21:52

даяшы қызметін көбіне студенттер істейтін,ол кезде бізге бұл табыстың қайнар көзі еді,3 ай істеп мол олжалы болғаным естен кетпейді,әр айда кем дкгкнде 100мың табатынбыз. Әрі студенттердің кейбірі даяшы болып жүріп,шетел компанияларына жұмысқа кіріп кеткен,

+0
14 тамыз 2012, 21:57

менің фотограф болғым келіп жүр.

+0
15 тамыз 2012, 04:18

Дипломдыдан да пайдалы мамандықтар, біле білген адамға))) Бұлар дипломсыз болғанымен өмірден сабақ алуға бірден-бір жол. Әрине, сана-сезіміңіз болса егер)

+0
15 тамыз 2012, 11:21

Асабалық, видеооператорлық дегендер де бар ғой

+0
15 тамыз 2012, 12:43

Фотограф болғым келеді! сосын бір күн автобуста кондуктор болғым келеді :lol:

+0
15 тамыз 2012, 12:45

студент болғанда сатушы және даяшы болғанмын. өңшең жастар болған соң қызық және адамдармен көп қарым қатынас жасайсың. қызық, көп естеліктер қалды.

+0
26 тамыз 2013, 19:40

ақшаны қайдам, нағыз өмір сонда... Биыл аздап маркетте жұмыс жасап көріп едім... Қызығы сол, кіріп келе жатқан адамның зат алатын, алмайтынын да аздап біліп қалады екенсің.... Ех, бірақ сағынбаймын ол кездерді... Оқып жүүүүргенге не жетсін!!! :) :(

+0
26 тамыз 2013, 21:26

менің шаштараз болғым келіп жүр :roll: :)

+0
27 тамыз 2013, 09:51

кез-келген мамандықта дипломсыз істеп жүргендер бар, тек бір тетігін тауып алғандар...

+0
27 тамыз 2013, 10:13

ниет, құлшыныс болса кез-келген мамандықты алып кетуге болады.

+0
27 тамыз 2013, 10:14

дипломсыз, бірақ "көке"-мен небір қызмет атқаруға болады :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.