- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- «Ономастика шыңы» атты...
«Ономастика шыңы» атты республикалық дәстүрлі мерекелік шара өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мемлекетіміздің білімді ғана емес, білікті, танымы жоғары студенттердің қатарынан орын алатыны белгілі. Университетімізде бүгінгі таңда студенттерге біліммен қатар, тәрбиелік мәні зор білікті студент, ертеңгі еліміздің мықты маманы болуға барлық мүмкіндіктер жасалған.
Филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы 2012 жылдың қыркүйегінде құрылған содан бері «ат», «атау беру» мәселесі бойынша ай сайын клуб мүшелері (факультеттің студенттері) ғылыми және танымдық түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, мүмкіндіктерінше өткізіп келеді.
Еліміздің атаулы мерекелеріне байланысты қаншама шаралар өтті. Мысалы: университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай факультет, дәрістер мен зертханалар атауларына байланысты дөңгелек үстел, сонымен қатар 2014 жылдың сәуір айында «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты І республикалық ғылыми-танымдық студенттердің конференциясы, «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай өткен 2015 жылдың сәуір айындағы ІІ республикалық ғылыми танымдық студенттер конференциясы да жоғары деңгейде өтті. Бұл аталған үлкен шаралар болса, ал ай сайынғы түрлі тақырыптағы дөңгелек үстел, жиындар, пікірталастар мен қайырымдылық шаралары өз деңгейінде атқаралып келеді.
Жақында «Ономастика шыңы» атты республикалық дәстүрлі мерекелік шарасы да өз деңгейінде, өзіндік ерекшелігімен өтті.
Алматы қалалық Тіл дамыту комитетінің төрағасы М. Ахетов, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің басшысы Ө.Қ. Қалабай, сонымен қатар университетіміздің тарих, археология және этнология факультеті археология, этнология және музейология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор А.Б. Қалыш және факультет деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к. К.Е. Карбозовтың қатысуымен өтті. «Шет тілі: екі шет тілі» студенттерінің қызығушылықтары артып, келешекте атқарылатын жұмыстарға қатысты өз пікірлерін білдіріп жатты. Сондай-ақ, мерекелік шара барысында М. Ахетов өз баяндамасында Алматы қаласындағы топонимдік атауларға қатысты бүгінгі таңдағы көптеген мәселелерді айтып өтті. Мәселен көше атауларына қатысты, сонымен қатар тұрғын үй кешендеріне ат беру мәселесі, жарнама тіліне қатысты, сондай сияқты көптеген күнделікті қоғамдағы ат, атау берудегі өзекті мәселелердің бас-аяғымен таныстырып өтті. Оның ішінде, әрине қазақ та, орыс және ағылшын, т.б. тілдерге қатысты айтылып өтті.
«Ат», «Атау» мәселесі қашаннан өте даулы, өте қызықты екені белгілі. Алайда осы ат берудегі өзіндік мәселелері де шектен тыс қалған емес. Ал бүгінгі таңда бұл мәселе керісінше үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ат беруде қай тілде, қай елде болмасын көп жағдайда сол «ат», «атаудың» этимологиясына мән берері сөзсіз. Осы сияқты негізгі мәселелер бойынша тарих ғылымдарының докторы профессор А.Б. Қалыш та керемет баяндама жасады. Тарих ғылымының тіл білімінің ономастика саласымен тығыз байланысы жайында ескере отырып, нақты көптеген ділелдермен тұжырымдады.
Ономастика саласын зерттеуші, клуб жетекшісі, филол.ғ.д., профессор Г.Б. Мәдиева клубтың құрылуына түрткі болған «Ономастика теориясы» пәні бойынша айта кетті.
Жалпы клубтың есеп беру шарасы дәстүрге айналған, осы үш жылда атқарған жұмыстар жайында «Қазақ филологиясы» мамандығының 4-курс студенттері А.Алиев және клубтың жауапты мүшесі Мұхаметкерім Мұхит айтып өтті.
Шара соңында 1 курс студенттері клубқа қабылдау ресми түрде өтті. «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының жаңадан қабылданған студенттерді құттықтай отырып, клуб жетекшісі, профессор Г.Б. Мәдиева негізгі міндеттер мен құқықтары, сонымен қатар атқарылатын шаралар жайында айтып өтті. Сондай-ақ, «екі шет тілі» мамандығының студенттері болғандықтан қазақ/ағылшын немесе қазақ/орыс/ағылшын тілдеріндегі топонимикалық, антропонимикалық мәселелерге қатысты қарастыруды да ұсынды.
Бұл мерекелік шара студенттердің дәстүрлі ән, күйлерімен жалғасын тапты.
Мәдиева Г.Б.,
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ,
жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының
меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор
Медетбекова П.Т.,
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ,
жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының
доценті, филол.ғ.к.
Н. Үсенова