Үйренуге оңай шет тілдері

Үйренуге оңай шет тілдері
Фото: www.mamac.ru

Қай шет тілін тез меңгеруге болады? Шет тілін кәсіби лингвист ретінде игергісі келетін әр адам сабақты қай тілден бастауды ойлап, осы сұраққа жауап іздейді. Тіл үйренудегі басты шарт – адамның ішкі құлшынысы мен табандылығы. Сонымен бірге, үйренгісі келетін тілі жанына жақын, өзіне жағымды, ұнайтын тіл болса еш тілді үйрену де қиын емес.

Бірнеше ғасыр бұрын өмірден өткен бәрімізге мәлім Аристотель, Әбунасыр әл-Фараби, Абай секілді полиглоттар сөзімізге дәйек болады. Бастысы, ынта-жігеріңіз мықты, сол тілге деген қызығушылығыңыз жоғары болса жеткілікті.

Ағылшын тілі үйренуге ең жеңіл тілдер қатарында көш бастайды. Аталған тілде жақ септік, сөз қиысуы жоқ, грамматикасы барынша қарапайым. Осы қасиетінің арқасында әлемге ең көп танылған, бұл тілді игергендер өкілі барлық жерден табылады. Сөздері қысқа, етістік тек үшінші жақта өзгереді. Әлемде көптеген адам ана тіліне қоса екінші тіл ретінде ағылшын тілін үйренеді, тіл білушілер шетелдіктер қатесін бірден біледі. Осы себептерімен ағылшын тілі әлемдегі ең оңай игерілетін тілдер қатарына кіреді.

Итальян тілі де оңай тілдерге жатады. Септік жоқ, жеңіл айтылады. Сөздік бойынша түбі латын тілінен тамыр тартады деуге болады. Яғни, үнді-еуропалық топтағы тілдерді білетін адамдарға таңсық емес.

Испан тілі – үйренуге ең жеңіл тілдердің бірі. Сөздік қоры ағылшын тіліне ұқсас. Орфанрафиясы тым қарапайым, қалай естілсе, солай жазылады. Ол да итальян тілі секілді жеңіл айтылады, бұл тілде сөйлеу оңай, грамматикасы да қарапайым. Әлемде ең көп таралған тілдер сабын құрайды.

Француз тілі де қиын емес, көп сөздері ағылшын тіліне ұқсайды. Әлемде көп танылғандықтан, тез үйрену тәсілдерін табу қиынға соқпайды. Осы қасиеттерімен француз тілін де жеңіл меңгеретін тілдер қатарына жатқызамыз.

Эсперанто тым қарапайым. Ол да испан тілі секілді, қалай айтылса, солай жазылады. Бұл ғалымдар жасап шығарған тіл. Сондықтан ағылшын, француз, испан тілдерімен салыстырмалы түрде алғанда, эсперанто тілінде сөйлейтін адам аз. Егер сіздің эсперанто тілінде сөйлей білетініңізді көрсе, өзге эсперантистер бауырындай құшақ жая қабылдайтын болады.

Өз тіліңізбен туыстас, ұқсас тілдердің кез келгені үйренуге жеңіл келеді. Грамматикасында да, сөздігінде де аса қиынға соғар айырмашылық болмайды. Бір тілді үйренгіңіз келетін болса, кез келген тіл қарапйым, әлде оңай көрінеді. Аудиокітап, электронды кітап, видео сабақтар да ең жақсы көмекші құралы болады.

@. @assel_assanova