Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

Инвестицияның атасы

Инвестицияның атасы

Бенджамин Грэм – белгілі америкалық экономист және кәсіби инвестор. Оны әдетте «инвестицияның атасы» деп атайды.

Бенджамин 1894 жылы Лондондағы еврей отбасында дүниеге келген. Оның шын тегі – Гроссбаум (Grossbaum). Бенджаминнің жасы бірге толғанда ата-анасы АҚШ-қа қоныс аударады. Негізгі табыс көзі фарфор болған әкесі 1903 жылы өмірден озады. Ал анасы отбасын асырау үшін үйінің бөлмелерін жекелей жалға берумен айналысады.

Бенджамин Грэм мектептен кейін, талапкер емтиханын үздік тапсырып, Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінің шәкіртақысын иемденеді. Ол аталған университетті 1914 жылы бакалавр дәрежесімен тәмамдайды. Грэм өте зерек студент болған. Сондықтан оны бакалавр дәрежесін алмай жатып-ақ, өз университетінде дәріс оқуға шақырады. Дегенмен Бенджамин Уолл-стритте брокер болып жұмыс істеуді ұйғарады.

Ол өз еңбек жолын Newburger, Henderson & Loeb брокерлік фирмасында бастайды. Бес жылда Бенджаминнің жалақысы аптасына 12 АҚШ долларынан $600 мыңға жетеді.

1926 жылы Бенджамин өзінің жеке бизнесін бастайды. Ол Джером Ньюмен есімді әріптесімен бірге инвестициялық серіктестік құрады. Дәл осы фирма отыз жылдан кейін болашақ миллиардер Уоррен Баффетті жұмысқа алған.

1928-1956 жылдары Graham-Newman компаниясының жұмысын басқара отырып, Колумбия университетінде «Қаржы» саласы бойынша дәріс оқиды. 1934 жылы Дэвид Додд (David Dodd) есімді қаржы маманының соавторлығымен «Құнды қағаздар анализі» (Security Analysis) кітабын жарыққа шығарады. Бұл кейіннен әрбір инвестор оқуға тиіс кітапқа айналады. Ал үш жылдан кейін «Компания қаржы есебінің анализі» (The Interpretation of Financial Statements) деген кітабі жарық көреді. Бенджамин Грэмнің үшінші кітабы «Ақылды инвестор» (The Intelligent Investor) атауымен 1949 жылы басып шығарылады.

Кез келген жобаға салым салу алдында оның құндылығын талдай білу керек. Бұл – тиімді инвестицияның негізі. Бенджамин Грэм инвестицияның үш негізгі қағидасын құрастырған. Олар:

- активті айналым бойынша инвестиция құндылығы;

- инвестиция құндылығының қауіпсіздігі;

- инвестиция құндылығының кәсіби бағыты;

Ол кез келген саналы инвестор салым салмас бұрын компанияның қаржы құндылығына талдау жасауы тиіс деп білді. Егер биржада акция компанияның ішкі нарығындағы бағадан төмен құнмен сатылып жатса, бұл инвесторлар үшін тиімді көрінері анық. Дегенмен компанияның негізгі ресурсы мен дивиденттері қайдан келетінін анықтамас бұрын, оған инвестиция құю – босқа қаржы мен уақыт жұмсау.

Грэм өзінің кітаптарында өндірістік орталық кеңсесінің сыртқы көрінісіне қарап-ақ салым салудың саналы бағыттарын үйретеді. Дегенмен инвестордың қаржы біліктілігін игеруі тиіс екенін жасырмайды. Себебі қаржы қолдауынсыз қалған компанияның қазіргі жағдайын білмей, болашақтағы мүмкіндігін болжау мүмкін емес.

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: www.netnethunter.com
Қосылған күні: 08 желтоқсан 2018, 21:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.