English Time. Ағылшын тіліндегі шақтарға жалпы шолу – онлайн тест (3-сабақ)

English Time. Ағылшын тіліндегі шақтарға жалпы шолу – онлайн тест (3-сабақ)

Massaget.kz сайтының ағылшын тілін үйренуге арналған видео сабақтар жобасы жалғасын табуда. Біз өз кезегінде әрбір видео дәрістен алған біліміңізді тексеруге арналған тест тапсырмаларын дайындап отырамыз. Бүгінгі тестті онлайн орындау арқылы үшінші видео сабақта өтілген тақырып аясында алған біліміңізді шыңдайсыз. Ендеше ағылшын тіліндегі шақтарға жалпы шолу жасай отырып, Present Simple шағына қатысты өз біліміңізді бізбен бірге тексеріңіз.

1. Ағылшын тілінде жалпы қанша шақ бар?
A) 24
B) 12
C) 18
D) 16
E) 26
 


2. Ағылшын тіліндегі шақтар қалай бөлінеді?
А) Superlative және Comparative
В) Perfect және Continuous
С) Positive және Negative
D) Active және Passive
Е) Verb және Noun


3. Ағылшын тілінде Active Voice құрамына кіретін қанша шақ бар?
А) 14
В) 18
С) 16
D) 24
Е) 12


4. Present Simple шағындағы жіктеу есімдігінің үшінші жағында (he,she, it) қолданылып тұрған етістікті табыңыз.
А) Follow 
В) Win 
С) Introduce
D) To show
Е) Plays


5. Present Simle шағының екінші балама атауы қандай?
А) Present Continuous
В) Present Perfect
С) Present Indefinite
D) Present Perfect Continuous
Е) Present Progressive


6. Present Simle шағының қазақша баламасын анықтаңыз. 
А) Ауыспалы осы шақ
В) Нақ осы шақ
С) Бұрынғы өткен шақ
D) Ауыспалы келер шақ
Е) Жедел өткен шақ


7. Берілген сөйлемде to go етістігіне –es жұрнағы неліктен жалғанған?
The Earth goes around the Sun
А) Сөйлем дұрыс құрылмаған
В) Күн мен Жердің арақашықтығы алыс болғаны үшін
С) Бастауыш адам емес, нысан болғаны үшін
D) To go етістігінің дұрыс етістік болғаны үшін
Е) Бастауыш үшінші жақта тұрғаны үшін


8. Present Simple шағында үшінші жақта қолданылатын етістік дауыссыз дыбысқа аяқталса, қандай жұрнақ жалғанады?
Ескерту: бұл ережеге бағынбайтын етістіктер де бар
А) -es
В) -en
С) -s
D) -ies
Е) -ses


9. Етістіктің соңы –sh, -ch, -x, -o әріптеріне аяқталған кезде жалғанатын жұрнақты табыңыз.
Ескерту: ox - oxen
А) -en
В) -es
С) -ies
А) -ses
Е) -s


10. Present Simple шағындағы болымды сөйлемді таңдаңыз.
А) My brother likes an ice-cream
В) Sherkhan does not like to go to the cinema
С) We are going to play basketball
D) I will not be at home till the evening
Е) I won’t fail my examination


11. Present Simple шағындағы қосымша етістікті анықтаңыз.
А) Play
В) Should
С) Have
D) Like
Е) Do


12. Берілген құрылымның үшінші жақтағы дұрыс біріккен нұсқасын табыңыз.
А) Not to do
В) Don’t
С) Do not
D) Doesn’t
Е) Does not


13. Present Simple шағындағы етістіктің дұрыс нұсқасын қойыңыз: Aigerim always (to hurry) … to the bus stop.
А) Hurry
В) To hurry
С) Hurrys
D) Hurryses
Е) Hurries


14. Present Simple шағындағы болымсыз сөйлемді табыңыз.
А) I wish to study abroad for two years
В) He is going to pass the IELTS
С) Zhasulan does not want to go to play football today
D) My grandfather is 76 years old
Е) She wants to learn ancient Turkic language


15. Қате берілген сұраулы сөйлемнің дұрыс нұсқасын табыңыз: What your friend wants to buy?
А) What your friend wantes to buy?
В) What is your friend wants to buy?
С) What do your friend want to buy?
D) What does your friend want to buy?
Е) What does your friend not wants to buy?


16. Сөйлемге етістіктің дұрыс нұсқасын қойыңыз: Does Fariza … UNO every day?
А) Plays
В) Playes
С) Play
D) Not play
Е) Plaies


17. Present Simple шағында қолданылатын үстеулер қатарын табыңыз.
А) Usually, rarely, often, every month
В) Occasionally, never, just, since
С) Often, always, every day, for
D) Usually, before, afterwards, rarely
Е) Recent, never, soon, yet, since


18. Берілген сөздерден сөйлем құраңыз: you / to speak / English
А) You do speak English?
В) How to speak English?
С) Do you speak English?
D) Who wants to learn English?
Е) What you speak English?


19. Сөйлемді толықтырыңыз: She plays tennis … Sunday.
А) Usually 
В) -
С) Often
D) Every
Е) Rarely


20. Берілген сөйлемді сұраулы нұсқаға ауыстырыңыз: They go to swim every weekend
А) Does they go to swim every weekend?
В) Do they goes to swim every weekend?
С) When they go to swim every weekend?
D) Do they go to swim every weekend?
Е) Does he go to swim every weekend?


Жауаптарды тазарту

 

Сурет: скриншот

Оқи отырыңыз: 

Ағылшын тілін үйрену сабақтары. Үшінші сабақ

Ағылшын тілін үйрену сабақтары. Төртінші сабақ

Ағылшын тілін үйрену сабақтары. Бесінші сабақ

Ағылшын тілін үйрену сабақтары. Алтыншы сабақ

Ж. Өрісбай