- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ым-ишара арқылы адам...
Ым-ишара арқылы адам ойын қалай білуге болады? (Видео)
Құрметті оқырман, кеше сайтымызда өткен дәрістің видеонұсқасы YouTube сайтына жүктелді.
Өзін-өзі тану қаншалықты маңызды? Бұл білімнің өмірімізге пайдасы бар ма? Бизнес психологиясын меңгеру мүмкін бе? Отбасында, қатарластарыңыздың арасында беделді болу үшін не істеу қажет?
Осы сұрақтарды біз әр онлайн-семинар барысында тереңінен талқылаймыз. Әр апта сайын сайтымызда жаңа дәріс, жаңа ақпарат мазмұндалады.
Бұл дәрісте ым-ишаралар (бейвербалды сигналдар) тақырыбы қозғалды. Бұл серияда бірнеше дәріс өтетін болады. Алғашқы сабағымыз көз контактісіне арналды.
Жаңа білімге асық болсаңыз, төмендегі видеоны қосып, пікір жазатын жерге сауалдарыңызды не жеке пікіріңізді жазып отырыңыз (алдымен тіркеліңіз).
Сурет, видео: Massaget.kz
Ф. Абилова