Логикалық сұрақтар #1

Логикалық сұрақтар #1

Логика – ойлаудың бағыттары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Адам миының дамуы логикаға тікелей тәуелді болады. Атап айтсақ, белгілі бір тұлғаның жоғары білімі болғанымен оның логикалық ойлау қабілеті төмен болуы мүмкін. Ол үшін мазмұнды тұжырымдардың байланысын анықтап үйрену керек, яғни сұрақты басқа қырынан алып қарау керек. Сонымен қатар, жауаптың әртүрлі нұсқасын жинақтай алу да маңызды. Оған білгірдің интеллектуалды білімі жан-жақты болғаны жөн. Ендеше, Massaget.kz сіздерге күнделікті ой жаттығуын жасау үшін логикалық сұрақтар топтамасын ұсынады.

1. Көне Қытай аспаздық өнерінде әрбір дәстүрлі тағамға қойылатын талаптар болған. Айта кетсек, кез келген тағамның құрамында адам денсаулығына пайдалы дәрілік шөптер болуы міндетті. Сондықтан Қытай асханасындағы аспазды ОСЫ маман иесімен салалас деп санаған. Сонымен, әңгіме қандай мамандық туралы болып жатыр?

2. Токио қаласындағы хайуанаттар бағы жыл сайын екі айға жабылады екен. Ол не үшін жабылады? 

3. Жуырда Нигерияның астанасы Абуджа қаласында біртұтас экономикалық кеңістік құруға бағытталған халықаралық келісімге қол қойылды. Келісімге орай, 2028 жылдан батап белгіленген аймақта айналымға НЕ енгізілмек?

4. Белгілі ағылшын саясаткері Уинстон Черчилль: "Саясатта дарынсыз саясаткер болмауы тиіс. Дарынды саясаткердің біліктілігі екі қалыпта жұмыс істейді. Біріншісі, ол ертеңгі күнде, келесі аптада, келесі айда, тіпті бір жылдан кейін қандай оқиға болатынын болжап айта алуы керек", - деген екен. Ал екіншісі?

5. «Қырық жас – жастық шақтың кәрілік шағы», - деп француз жазушысы Виктор Гюго айтқан. Ендеше ол «елу жасты» қалай сипаттайды? 

6. Берлиоздың айтуы бойынша «ОЛ» ең ұлы мұғалім, бірақ ОЛ өзінің барлық оқушыларын өлтіреді. 

7. Алғашқы Олимпиада ойындарына тек ер адамдар қатысатын болған. Ал жарыс алаңына көрермен ретінде әйел адамдарды кіргізбейді екен. Неліктен? 

8. Эрнест Хемингуэй ұлы Джонның тәрбиесімен өз уақытында айналысып тұратын. 1923 жылы 18 шілдеде Хемингуэй досына жазған хатында былай деген: «Менің ұлым өз өмірінің алғашқы айларында шаңғы тепті, екі рет Карпентерді көрді және бес рет бұқалар шайқасының көрермені болды». Ендеше 1923 жылы 10 қазанда жазушының өмірінде қандай оқиға болғанын айтыңыз. 

9. Ғарышкер Александр Волковтың айтуы бойынша, белгілі бір жерде түсірілген видеоның жойылуына байланысты оны қайта Голливудта түсіруге тура келген. Кейіннен америкалықтардың тарихи жетістігін жоққа шығарушылар саны артады. Сұрақ: Жойылып кеткен видео қай жерде түсірілген еді? 

10. Рим императоры Марк Аврелий "Мен атама жағымды мінез танытқаны үшін, анама жайдары көңілімен қарапайым өмір салтын үйреткені үшін, ал үлкен атама жақсы білім алуыма қолдау білдіргені үшін, сонымен қатар, әкеме шешім қабылдау кезіндегі мықтылықты үйреткені үшін ризамын", - деген екен. Ал енді императордың құдайға айтқан ризалығын табыңыз. 

11. Белгілі швед суретшісі Лингстрем өзі салған суреттердің астына қолын қойып, сатуға шығарады екен. Дегенмен қымбат картиналардың түпнұсқасына өте ұқсайтын көшірме нұсқаларына қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде, тергеуші Лингстремге суреттің авторы екенін басқаша тәсілмен көрсетуін ұсынады. Сонымен ол қандай тәсіл ұсынады? 

12. 1848 жылы Ниагара сарқырамасының ағысы 30 сағатқа тоқтап қалады? Осындай кептеліс ХХ ғасырда бір рет, өткен жылы тағы бір рет қайталанады? Сұрақ: Суды тоқтатқан не?

13. Логикалық әзіл. Әкесі баласына: "Попов сенің жасыңда тек беске оқыған, ал сен ше?", - дейді. Сонда баласы не деп жауап береді? 

14. АҚШ-та ақылға қонбайтын заңдар қолданысқа енгізілген. Мысалы, Майамиде велосипедтің сигналы болмаса айдауға болмайды. Ал оған көрші Луизиана штатында жоғарыда айтылған заңға қайшы келетін заң қолданыста болды? Ол қандай заң? 

15. "Оқу зиян емес, оқымаған зиян" атты әлеуметтік көрмеге қойылған суреттердің бірінде екі кітаптің сөресі бейнеленіпті. Оның бірі кілең жасыл кітаптарға толы болса, ал екіншісінде жалғыз қызыл кітап бар екен. Сурет ненің мағынасын тұспалдап тұр? 

16. И.Ильф пен Е.Петровтың қай романы ағылшын тіліне "Үстіне отыруға болатын алмаздар" деп аударылған? 

17. Лондондық "Хитроу" әлемдегі ең үлкен әуежай болып саналады. Расында әр минут сайын әуежайдан ұшақ көтеріліп немесе қонып жатады. Бірақ жылына бір рет бір сағатқа әуежайда ешқандай рейстер жүрмейді екен. Ол неліктен? 

18. Гарвард университетінің орталық алаңында белгілі тұлғаның мүсіні орнатылған. Ол мүсіннің астына "Founder", яғни "негізін қалаушы" және "1636" деп жазылған. Сонымен қатар, ел арасында ол "үш өтіріктің мүсіні" деп аталып кеткен. Бұл мәліметтердің кем дегенде бір өтірігін атаңыз.

19. "Матрица" фильмі шыққаннан кейін түрлі режиссерлар үш жыл ішінде ОНЫ 20-дан астам фильмде қолданып үлгереді. Сұрақ: ОЛ не? 

20. Мәскеудегі ең биік ғимараттардың бірі - Мәскеу мемлекеттік университетінің бас ғимараты. Аталған ғимаратты алғашында 11-ші қабатына дейін өзге құрылысшылар салады. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оның жоғарғы қабаттарын тағы басқа құрылысшылар көтереді. 12-ші қабат ОЛАР үшін уақытша мекен болған. Сонымен ғимараттың жоғарғы қабатын салған кімдер? 

21. Орыстың белгілі суретшісі өзінің туындыларын салуға тек жасыл, қызыл және қара түстерді қолданады екен. Сұрақ: ОЛ қай суретші? 

22. Әйгілі швед математигі Альберт Нобель «Нобель» сыйлығына лауреат бола алатын ғылым салаларына неге математиканы қоспайды? 

23. 2009 жылы Тайм журналында "Жыл адамы" жарияланған кезде, Назарбаев былай деген екен: "Біздің елде ондай адамдар 355 мыңға тартады". Сонымен елбасы НЕНІ меңзеп айтты? 

24. Бавария клубының президенті Франк Риберимен жаңа келісімге келуді мақсат етеді. Осы мүдде орайында ол Риберидің туған күніне не сыйлайды? 

25. Орыс блогшыларының бірі Стив Джобсты белгілі орыс жазушысына авторлық гонорар төлеуге міндетті деп есептейді. Ол жазушы 1882 жылы туып, әртүрлі құжаттарда түрлі текпен келтірілген. Сұрақ: Джобс қай жазушыға гонорар төлеуі тиіс еді?

26. Субару автокөлік құрастырушы компаниясы "VIVIO" атты маркамен көлік шығарады. VIVIO сөзі латыншадан аударғанда "өмір" деген мағынаны білдіреді екен. Жапондар таңдап алынған сөзге тағы бір ұғымды сидыра алыпты. Олар VIVIO сөзі арқылы көліктің цилиндр көлемін көрсете алған? Сонымен, SUBARU VIVIO автокөлігінің цилиндр көлемі қанша? 

27. Францияда алманы махаббатпен байланыстырған, Италияда – алтынға, ал ежелгі заманда Оңтүстік Америкада «үлкен жеміске» теңеген. Ал 1951 жылы италиялық агроном ғалым алмаға қандай атау берді? 

28. Шәкірті ұстазынан: Сіз көп оқығансыз, сізге белгісіз нәрсе бұл әлемде жоқ шығар? - деп сұрайды. Ұстазы сонда жерге бір үлкен және бір кіші шеңбер сызып, бұл әлемде өзіне белгісіз болған сұрақтың көп екенін айтады. Сұрақ: Ұстаз шеңбер арқылы жауабын қалай түсіндіреді?

29. «ІХ» белгімен жазылатын латын саны тоғызды білдіреді. Енді соған бір символ қосу арқылы алтыға өзгертіп беріңіз. 

30. Африкалықтар алғаш рет әскери танкті көрген кезде оны "ФАРУ" деп атаған екен. ФАРУ сөзі жергілікті халықтың тілінде жануардың атын білдіреді. Сонымен ол қандай жануар?  

Сұрақтардың жауабы бір күн өтіп жарияланады. Ойланып, өз жауабыңызды пікір ретінде қалдырсаңыздар болады.

Жауабы

Сурет: joinfo.ua

Оқи отырыңыз: 

Логикалық тапсырмалар. Онлайн орындау #1

Логикалық тапсырмалар. Онлайн орындау #2

Логикалық тапсырмалар. Онлайн орындау #3

Логикалық тапсырмалар. Онлайн орындау #4

Ж. Өрісбай