Ертеде Күн жүйесі жайлы не ойлаған?

Ертеде Күн жүйесі жайлы не ойлаған?

Ежелгі заманнан бастап, адам баласы аспан шамшырағының (Күн) қалай қозғалатынын, неліктен қозғалатынын білгісі келген.  Алайда, сол бір уақыттарда  көзбен көрген сезім мен түйсікке ғана сүйене алатын еді. Қазіргі ғалымдар сол кездегі адамдардың білімін қазіргілерден жоғары бағалайды...

Ерте дәуірлерде астрономия саласынан шығандап озып кеткен вавилондықтардың өзі де Жерді ойық түріндегі арал ретінде қарастырған. Ал аспан дүниелері жұлдыздарды тамызып толтырады деп санаған. Күн таңертең шығыс қақпадан шығып, кешкісін батыс қақпаға барып кіреді деп ойлаған. Олар Күн түн орнаған кезде жердің астымен жүріп өтеді деп сенген.

Ал ежелгі Қытайда  Жерді төртбұрышты, және төрт бағанасы болады деп санаған. Кейінірек, мифтеріне сенсек, айдаһар бағананың бірін құлатып кетіп, жер шығысқа қарай ойысып, аспан болса, батысқа шығандап, содан бүкіл аспан дүниелері шығыстан батысқа қарай қозғалатын болып өзгерген-міс...

Үнділер Жерді тасбақаның үстіне орналасқан алып піл көтеріп тұр деп ойласа, славяндар үш теңіз итбалығы Жерді ұстап тұр деген сенімде болған. Олар ол кезде жердің домалақ екенін қайдан білсін?!

Осы бір түсініктердің барлығына сынай қараған гректер болды. VI ғасырға жетпей жатып, Пифагор жерді шар тәріздес деп санады. Ал одан 200 жыл өте, Аристотель аспан денелері Күнді айналады деп болжам жасады. Гректер жұлдыздарды алғашында қозғалмайды деп санап, кейінірек қозғалатындарын көріп, ғаламшар деп сеніңкіреді.

Аристотельдің пікіріне сүйенсек, ол кісі барлық ғаламшар мен Күн жүйесін хрустальды аспанда белгілі бір жүйемен жүреді деп санаған. Ол осы аспан денелеріне грек тілінен аударғанда "шар" деген мағынаны білдіретін "сфера" деген атауды қолданған. Данышпанның ойынша, 9 сфера бар болған. Оның жетеуі Күнге, қалғандары белгілі ғаламшарларға, жұлдыздарға (еш орнынан өзгермейді деп ойлаған) тиелген. Ал тоғызыншы сферада Аристотельдің ойы бойынша, мотор есепті қондырғы тұрған. Ол күллі Күн жүйесіне қозғаушы күш болған-мыс...

Әлемдік жүйені Клавдий Птоломей де түсіндіруге тырысқан (біздің ғасырға дейін). Оның ашқан жаңалықтары мен пікірлері астрономия мен ғылым дүниесінде маңызды рөл атқарды. Ол өзінің  негізгі шығармасы "Алмагестте" жаңа теория жайлы сөз қозғады. Сол үшін де оның жаңа жүйесі әлі күнге Птоломейдің әлемдік жүйесі деп саналады. Ғалым ең алғаш рет бүкіл ғаламшарлардың бос кеңістікте қозғалатынын сөз еткен. Олардың айналу орталығын Жер деп бағамдаған. Алайда, зерттеушінің теориялары математикалық принципке негізделумен шектелген еді.

Сол уақыттарда Птоломей бәрібір де ғаламшардың қозғалу себебін түсіндіріп бере алмады. Одан ғаламшарлардың бос кеңістікте орын ауыстыруының себебін сұраған кезде, ол: "Олардың қозғалу сырын айтқаннан гөрі, сол ғаламшарлардың өзін қозғалтқан оңай"-деп кесіп айтатын болған. 

Сурет: ufo-contact.ru

Л. Лига