Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / «Ел арна» жұмысын тоқтатты

«Ел арна» жұмысын тоқтатты

«Ел арна» жұмысын тоқтатты

18 наурыздан бастап отандық «Ел арна» арнасы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазір арнаның жиілігінде тәулік бойы жаңалық тарататын 24.kz арнасы іске қосулы. 2014 жылдың 18 наурызынан бастап 24.kz  жаңалықтар арнасы Қазақстан шекарасының 98,8 пайызын қамтитын болады деп хабарлайды «Хабар» Агенттігі» АҚ. Бұған дейін 24.kz арнасы кабельді және спутниктік теледидарлар желісінде болып, халықтың 37 пайызын қамтып келген. Қазір бұл желіде арна тәулік бойы жұмыс істеп, ал «Ел арна» жиілігінде 24.kz тәулігіне 16 сағат хабар тарататын болады.

«Ел арна» 2000 жылы ашылған болатын. 2008 жылдан бастап форматы өзгеріп, арнаның контенті жастар аудиториясына бағытталды. Арнаның жабылуы туралы сыбыстар 2014 жылдың қаңтар айында пайда бола бастады. Кейін экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев арнаның жабылатындығы жайлы ақпаратты растап, арнаға жыл сайын бөлінетін екі миллиард теңге 24.kz арнасының корпунктерінің ашылуына және екі жаңа фильмнің түсіріліміне жұмсалатындығын айтты. Сонымен қатар, «Ел арна» рейтинг көрсеткіші бойынша бөлінетін екі миллиардтан 300 миллион теңге ғана табады, деп қосты Досаев.

Арнаның бұрынғы директоры Айгүл Мүкей әлеуметтік желідегі парақшасында «Ел арнаның» құрылуы жайлы сөз қозғады. «Арнаның 2000 жылы болған ашылуын жаңалықтар тілшісі ретінде жадымда сақтаппын, Республика Алаңы, 13-үйдің ғимараты шатырынан жасалған секіру бұл керемет перформанс болды. Қазақ тілінде хабар тарататын жаңа мемлекеттік арна ашылып, санада жарылыс жасағандай, барлық стереотипті талқандағандай болды. Мен «Ел арнаға» 2009 жылы келдім. Қазақ әуенін, әзілді, костюмдерді - бәрін ұсақ-түйегіне дейін біз жастарға ыңғайлы, креативті, түсінікті формаға ауыстырдық. Біздің арнамыздың әрқашан ел жетекшілігінің ұдайы бақылауында болғанын жасырмаймын. 2008 жылдың басында-ақ Президент арнаның базасында жастарға арналған сауықтық әрі спорттық арна ашуды ұсынған болатын. Біз жастарға арналған «Әсел, оның достары және құрбылары» ситкомын, «Шіркін лайф» тұңғыш реалити-думанын, «Саз әлемі» музыкалық байқауын, «Қазақ аруы», «Миссис Қазақстан» бірлескен байқауларын түсірдік. (...) Оптимизация деген дұрыс, бюджет ақшасын үнемдеу – қажет, бірақ бұл ақшаға көркем фильм түсіру? Түсінбеймін...», - деді арнаның экс-басшысы.

Ал арнаның таралуы кезінде басшылық қызметте болған Серік Абас-шах әлеуметтік желідегі парақшасына былай деп мәлімдеме жасады: «Ел арнаның» өндіріске бөлетін қаржы көлемі туралы нақты цифрлерді аша алмаймын. Бірақ, тұспалдап жеткізе аламын: тым аз едi... Мемлекеттік арналар ішінде «ЕЛ арнаның» сатып алатын өнімдерге бөлінетін қаржысы «Білім және Мәдениеттен» де, тіпті «Балапаннан» да төмен. Ал «Хабар» мен «Қазақстан» сияқты азулы арналарымен салыстырмай ақ қояйын... Ең дөрекі мысал: 2013 жылы «Ел арнаның» ішкі өнімі бойынша бірде бір жобаға жаңа декорация жасалынбапты. Не деген таусылмайтын үнем?! Осыны түсінбей кететін болдым...»

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қазан айындағы Ақордадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бір-бірінің көшірмесіне ұқсап кеткен мемлекеттік БАҚ-та тәртіп орнатуды міндеттеді. «(...) Арналарды қарасаң – ешқандай контент жоқ, таба алмадым. Жануарлар әлемі мен қайдағы бір тарихи фильмдерді көрсетеді. Болды. Әр каналда қаншама қызметкер жұмыс істейді, ал шығармашылық жоқ. CaspioNet қазір «Kazakh TV» деп аталады, тағы 24KZ деген арна қосылды. Қазақстан мен әлемге хабар тарататын екеуі бір арна емес пе?» - деді ол.

Сурет: elarna.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

16
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 18 наурыз 2014, 12:36
Пікірлер
+0
18 наурыз 2014, 13:37

Өкінішті, жақсы арна еді...

+0
18 наурыз 2014, 14:03

Өкінішті, өзіме ұнайтын арнаның бірі еді....

+0
18 наурыз 2014, 14:45

Өкінішті - ақ, өте жақсы арна еді

+0
18 наурыз 2014, 14:50

Оның орнына басқа арналарды жаппай ма дейтіндерге: басқа арналар коммерциялық болып саналады, жеке демеушілердің қаржысына шығады. Ал бұлар мемлекеттік арналар.

+0
18 наурыз 2014, 14:52

Ел арна жастарға арналған деп жатса да, Хабар мен Қазақстан арналарымен иық тірестіре алатын қауқары бар еді. Мен Ерболат Досаев мырзаның арнаны жабу себебін түсіндіргенінен жөнді ештеңе ұға алмадым. Рейтинг төмендігінен жаптық депті. Рейтингтің дұрыс есептелгеніне де күмәнім бар. Мұндай әрекеттер мемлекеттің болашағына деген сенімсіздік тудырады!

+0
18 наурыз 2014, 15:02

Бізде ел арнаның орнына 24kz болыватыр

+0
18 наурыз 2014, 16:21

әп-әдемі арна еді.. өзгелерден артық болмаса, еш кем түспейтін. Орнын басатын, жастарға арналған тағы арна ашылар деп күтейік.

+0
18 наурыз 2014, 17:33

Бағдарламалары барынша қызық еді... Маған хабар арнасы екеуінің тематикасы бір секілді көрінетін...

+0
19 наурыз 2014, 00:10

Біздің ауылда 4 арна: Қазақстан, Хабар, Еуразия және 24кз арнасы көрсетіледі. Отау ТВ-ға қолымыз әлі жеткен жоқ. Енді жанарымыз жаңалықтан жалығар... "Еларна" болғанда мұндай бір сарындылық болмас еді.

+0
19 наурыз 2014, 22:49

жақсы арна едіғой бірақ отау тв шыққасын көрермендері азайып жалыққан шығар,,,,,

+0
19 наурыз 2014, 23:33

Ия жап - жаксы арна еді... Көңіл аударатын қызықты бағдарламалары бар еді...Өкінішті......

+0
20 наурыз 2014, 20:27

ана бір фобия деген күшті еді :D

+0
26 наурыз 2014, 15:06

жастарға арналған телеарнаны өзім ашам))) осы барды жоқ қылу тек біздің ел ғана істей алады, басқаға ақша бөліп шашқанда сондай өте өкінішті((((

+0
31 наурыз 2014, 16:19

Керемет арна еді... Ал қазір теледидарды қоссаң түк қызық жоқ.24 кз- ті ешкім көріп те жатқан жоқ.Әрине басқа арналар көп бірақ үйреншікті бағдарламалар мен фильмдер еді....Өкінішті........

+0
31 наурыз 2014, 16:53

Теледидар мододан қалды , каналдың бәрін жауып массагетке кіру керек, теледидар адам санасын улағаннан басқа ешнәрсе бітірмейді .Сәлем бізге қосыл http://vk.com/bay_qazaq жазыл, арманға жеткізер жолды бірге іздейік

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.