Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Өмірге қажетті қазақ тілі сабағы

Өмірге қажетті қазақ тілі сабағы

Өмірге қажетті қазақ тілі сабағы

Әлеуметтік желілерде немесе интернетте сауатсыз жазудың бір себебі – қазақша қаріптердің болмауы болса, екінші себеп – қарапайым грамматиканы білмеу. «Сауатты жазайық!» акциясын құра отырып, Massaget.kz орта сыныптардағы қарапайым ережелерді ұсынады.

«Да», «де» шылаулары VS «-да», «-де» жатыс септігінің жалғаулары

Бұл шылаулар айтылуында жатыс септігінің қосымшаларына ұқсас келетіндіктен, оларды ажырату кейде қиынға соғып жатады. Сондықтан да «Менде фильм көруге бардым» және «Дәліз де менің ойыншығым қалып кетті» деген секілді қателіктер болады.

Егер қателескіңіз келмесе өзіңіз қолданып отырған мысалға сұрақ қойып көруіңіз керек. Мәселен, «Мен де фильм көруге бардым» деген мысалға сұрақ қойып көру керек: Кім («кімде?» емес) фильм көруге барды? Сәйкесінше, бұл жағдайда шылаудың орын алып тұрғанын байқаймыз. Ал «Дәлізде менің ойыншығым қалып кетті» деген мысалға сұрақ қойсақ: «Менің ойыншығым Қайда («кім?» емес) қалып кетті». Шылау мен жалғауды ажырату үшін сұрақ қою әдісін қолданатын болсақ, бізге сөйлемнің контекстегі мағынасын ескеру шарт.  

«-ыншы», «-інші» жыры

Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады: 11-сынып, 2-қатар, 16-орын, 51-тапсырма, 7-бөлме, т.б. 

Ал рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы, ХІ сынып, ХХІ ғасыр, ІV том, т. б.

Ескерту: Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де дефис қойылмайды: 1986 жыл, 16 желтоқсан, 8 наурыз, 1989 жыл, 1 мамыр.

Сұраулық демеуліктер

Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? көріп пе ең? – көріппісің? айтып па ең? – айтыппысың?

Бұл ережені бәріміз де білеміз, бірақ сұраулық демеуліктерді дұрыс қолдана алмайтын адамдарды көп байқадым. Мәселен: «Қолданбайды ма?», «бармайды ма?» - деудің орнына «қолданбай ма?» және «бармай ма?» дегеніміз дұрыс болар еді.

Асан мен Үсен VS Асанмен ойнау

Мен, бен, пен жалғауы көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас, алайда олардың бір-бірінен жазуда айырмашылығы бар. Көмектес септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Мысалы: Жақсымен жолдас бол деген сөйлемді Жақсы жолдас бол деп айтуға болмайды. Ал шылауды түсіріп айта аламыз. Мысалы: Жақсы мен жаман дегенді жақсы, жаман немесе жақсы және жаман деп айтуға болады.

Қой, (ғой), қана, (ғана) шылаулары

Көп байқайтыным, осы шылаулардың қате қолданылатыны. Мәселен мынадай қателіктер өріп жүреді:

«Мен Қана батыр екенмін», «Тек Ғана мен батырмын», «Көрісу күні ұрысу артық Ғой». Бұлардың орнына қатаң дауыссыздан кейін – міндетті түрді қатаң, ал қалған жағдайда қатаң емес дауыссыздарды қолдану керек: «Мен Ғана батыр екенмін», «Тек Қана сен батырсың», «Көрісу күні ұрысу артық Қой».

«БарыпТЫҚ», «КеліпТІК» дегенді кім шығарған?

Қазақ тілінде ежіктелудің төрт түрі бар. Бірдей үлгіде жіктелетін сөздердің лексика-грамматикалық сипаты бірдей емес, яғни қазақ тіліндегі жіктелу үлгілері тек тұлғалық өзгешеліктеріне қарай бөлінеді. Көсемшелер бірдей үлгіде жіктеледі:

I. Мен бара-мын, барып-пын
II. Сен бара-сың, барып-сың
Сіз бара-сыз, барып-сыз
III. Ол бара-ды, барып-ты
  І. Біз бара-мыз, барып-пыз
ІІ. Сендер бара-сыңдар, барып-сыңдар
Сіздер бара-сыздар, барып-сыздар
III. Олар бара-ды, барып-ты

 

Көп нүктенің жүрмейтін жері жоқ

Көп нүктені тақырыпта пайдалануға кеңес бермес едім. Әрине, көркем шығарма болса оның еш айыбы жоқ. Сонымен, көп нүктені қандай жағдайда қолданамыз?

Көп нүкте – белгілі бір себептермен ойдың аяқтапмай қалғандығын немесе айтылмақшы пікірдің толық айтылмағандығын білдіру үшін қойылатын тыныс белгі. Көп нүкте - мағынаға байланысты қойылатын белгі. Ол, негізінен, мынадай жағдайларда қойылады:

  • Өлең немесе прозалық текстен кейбір сөз, я кейбір тармақ түсіп қапса: - Ім-м... сыртта тағы біреу бар ма? - Бар, ол Жағалбай ғой... Ақсақалдармен мақұл десіп тізімге кірген жігіттердің бірі... (X. Е.). Бірақ секіріп шығам деп... мертігеді, жатады (Абай).
  • Алынған цитаттан сөз немесе сөйлем қалдырылған жағдайда: "Әуелі еңбек, ал онан соң және сонымен бірге... сөз ең басты екі стимул болды, - деп жазды Ф. Энгельс, - осы екі стимулдың әсерінен маймылдың миы... адам миына айналды" (К. Маркс, Ф. Энгельс, Таңд. шығ., А., 1956).
  • Айтылмақшы ой желісі әр түрлі себептермен (булығып сөйлей алмау, ой бөлініп кету, сөйлеушінің сөзін аяқтатпай бөліп жіберу т. б.): Жоқ, ешкім де ұрған жоқ, кейін айтам... Aнa, төсек салып берші, жатқызшы (М. Ә.).
  • Бір сөз бірнеше рет қайталанған жағдайда болмаса сөйлеуші сөйлеп келе жатып, сезінің арасында айтарлықтай кідіріс жасаса, оның ар жағында бірдеңенің айтылмай қалғандығы аңғарылып жатса, бірнеше рет қайталанған сөздер арасына немесе кідірістен соң қойылады: - He болды? - Мені қара басты!... Құлаттым... - Нені құлаттың? - Баланы... (Б. М.).
  • Көп нүкте қойылмайтын сөйлем сұраулы не лепті болып келсе, әуелі сұрау, леп белгісі одан соң қатарынан екі нүкте қойылады: Сонау Шоғанға машинаның басы барғанда не бітіреді?... - Ах, найсап, найсап!... Құтырған ит неден тайынады! (Ғ. М.).
  • Кісі сөйлеп келе жатып айтайын деген сөзі есіне түспей, ұмытып қалса, соны кенетген еске түсіргенде: - Балам, өткен жұмада біздің үйге... деген дәрігер келіп еді ғой, әкесінің аты... емес пе? (X. Е.).
  • Санамалап айтылып жататын кейбір пікірлердің барлығын айта бермей, олардың кейбіреуін айтып жатудың артық екендігін білдіру үшін: Қызылорда өңірінде арпа, күріш, тары... есіріледі (С. М.)

 

Материалды жазуда Қазақ тілі энциклопедиясы мен

wikipedia.org сайтындағы ақпараттар пайдаланылды.

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: өңделген

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 14 наурыз 2014, 13:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.