Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Кедейліктің шегі қайсы?

Кедейліктің шегі қайсы?

Кедейліктің шегі қайсы?

"Кедейлік" сөзіне анықтама беру өте қиын. Соған қарамастан, бүгінде кедейліктің түрлі көрсеткіштерін анықтайтын халықаралық стандарттар бар.
Біреу Nokia телефонының жаңа моделін сатып ала алмағаны үшін өзін кедей санайды, ал біреу тамақ ішуге ақша таба алмай жүр. Сонымен кедейлік деген не және оның шегі қайсы?...

Осы мәселені қозғай отырып, бүгін біз әлемнің ең кедей елдері және олардың не үшін кедей екендігі жайлы сөз қозғайтын боламыз.

Халықаралық валюта қоры CIA Wrold Factbook 2011 жылы әлемдегі ең кедей мемлекеттердің тізімін құрған болатын. Соның ішінде 10 елдің 9-ы Африка құрлығында орналасқан. Ескере кетсек, әрбір елдің байлығы оның ІЖӨ-ін (ішкі жалпы өнім) адам басына шаққанда шығатын сомаға сәйкес анықталады.

1. Конго Демократиялық Республикасы (ІЖӨ адам басына: $328)

Конго Республикасымен шатыстырудың керегі жоқ. Конго Демократиялық Республикасы 2010 жылы әлемдегі ең кедей мемлекет болып есептелді. Бұл мемлекет 1997 жылға дейін Заир ретінде танымал болатын. Сонымен қатар Конго француз тілі ресми тіл болып есептелетін әлемдегі ең үлкен мемлекет. Оның халық саны Франциядан 6 миллионға көбірек (Францияда 65 миллион адам болса, Конго ДР-да 71 миллион). 1998 жылдан бастау алған екінші соғыс Конго елін түгелдей ойран қылды. Кем дегенде 7 шетел әскері қатысатын бұл соғыста 5,4 миллион адам қаза тапты. Африкада бұл соғысты "Африкалық отан соғысы" деп атайды. 2010 жылы Конгода әр ай сайын 45000 адам қаза тапқан.

2. Зимбабве (ІЖӨ адам басына: $395)

Гиперинфляцияның арқасында Зимбабве әлемдегі ең кедей мемлекеттердің ішінен 2-орынға тұрақтады (2010 жылы 1-орында болатын). Алып инфляция осы елдің экономикасына үлкен зардап әкелді. Осы елде 100 000 000 000 долларлық купюрларды шығарады, бірақ бұл ақша тек 1-2 жұмыртқа сатып алуға ғана жетеді. Бір жыл ішінде мұнда тауар құны 1,1 күн сайын еселенеді.

Экономикалық проблемалардан бөлек, Зимбабведе орта есеппен алғанда, еркектер 37 жасқа дейін, әйелдер 34 жасқа дейін өмір сүреді. 

3. Либерия (ІЖӨ адам басына: $392)

Либерия Еуропа отарында болмаған санаулы мемлекеттердің бірі. Оның орнына  Либерияның негізін Америкадан қашқан құлдар қалаған. Бұл құлдар мемлекеттің элитасын құрып, АҚШ үкіметіне ұқсайтын үкімет құрды.

1980 жылы Либерия президенті тақтан түсірілгеннен соң, елде тұрасыздық пайда болып, азаматтық соғыс басталды. Нәтижесінде мыңдаған адам қаза тауып, Либерия экономикалық дағдарысқа ұшырады. Статистикаға көз жүгіртсек, қазіргі кезде Либерия халқының 90 пайызы күніне 1,25 доллар жұмсайды. Ең кедей мемлекеттердің үштігіне кіретін бұл елде жұмыссыздықтың деңгейі 85 пайызды құрайды.

Жалғасы келесі бөлімде 

Сурет: veved.ru, analytic-info.net

5010 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 24 сәуір 2012, 18:26
Пікірлер
+0
24 сәуір 2012, 19:11

Міне нағыз диета :D :D :D

+0
24 сәуір 2012, 19:49

шүкір осындай мемлекетте тұрып жатқанымызға :?

+0
24 сәуір 2012, 22:24

Кудай сактасын :( 100 000 000 000 долларға 1-2 жұмыртқа сатып аласын :o

+0
25 сәуір 2012, 10:16

Аллаға шүкір!

+0
26 сәуір 2012, 04:27

Әр елдің кедейлігінің өз көрінісі өзгеше, нақтылай айтқанда әр қоғамның өзіне тән өзіндік сорақылығы бар сондықтан мына қабырғасы көрінген Әприқалық қара балалармен салыстыру, тәубешілік таныту жаңсақтық.

+0
26 сәуір 2012, 11:45

Мынаны көре отырып шүкір дейміз...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...