- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Тарихқа ықпал еткен...
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп
1675 жылы голланд ғалымы А.Левенгук қолданылмалы құнға ие оптикалық микроскопты тапқырлады. 1931 жылы неміс ғалымы Боршей дүниедегі тұңғыш электронды микроскопты жасап шықты. Олардың ортақ қағидасы: жарық шоғыры немесе электр шоғырынан пайдаланып, шоғырландыру арқылы кескін түсіру техникасымен үлкейтілген кескін қалыптастырады. Сол арқылы көзбен анық көре алмайтын немесе мүлде көрінбейтін құрылымның жай-жапсарын бақылайды.
Микроскоп, 1876 ж.
Левенгук бірде ойламаған жерден «әйнекті егеп кішкентай дөңес линза жасауға, онымен кішкентай заттарды бірнеше есе үлкейтіп көруге болады» деген сөздерді оқиды. Бұл Левенгуктың ынтасын қозғайды. Ол бос уақыты болса-ақ көрші әйнек дүкеніне барып, линза егеп жасау өнерін үйренеді. Ол өмірінде елу еседен артық үлкейтіп көрсете алатын төрт жүздің үстінде линза жасаған. Ол 1674 жылдан бастап бактерия мен қарапайым жәндіктерді бақылап, төмен сатылы жануарлардың тіршілік тарихын зерттей бастады. 1677 жылы Англия патшалық ғылыми қоғамының мүшесі Роберт Гук Левенгуктің мәліметі бойынша бір микроскоп жасап, Левенгуктің байқағанын бақылап көріп, бірінші болып «клетка» ұғымын ортаға қойып, микроорганизмдерді ашты. Левенгук осы байқаулары үшін 1680 жылы ағылшын патшалық ғылыми қоғамына мүшелікке қабылданады.
Электронды микроскоптың тапқырлануы Левенгуктың тапқырлығынан әлдеқайда күрделі болды. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында Франция ғалымы Деброглие микро түйіршіктерде толқымалық қасиет болатындығын, әрі, толық ұзындығы мен энергия арасындағы байланысты көрсетіп беріп, алпыс мың вольттық жоғары қысыммен электрондардың жылдамдығын тездетуге болатындығын ортаға қойды. Сонымен адамдардың ойына толық ұзындығы ерекше қысқа электронды жарық шоғының орнына пайдаланып микроскоп жасау түсіп, сол арқылы анықтық дәрежесін жоғарылату мақсатына жетті. Герман ғалымы Бош 1931 жылы электрондық мылтық арқылы электронды атып, электро шоғырының қаттылығы мен бұрыштық саңлау диаметрін электр мылтық пен үлгі аралығындағы шоғырландырғыш магнитті линза жүйесі меңгеретін жобаны сәтті жасады. Осылайша, Бош Деброглиенің толық теориясын шын өмірде көрсетіп, электронның қолданылу көлемін оптика ғылымына дейін кеңейтіп, адамзатқа микро әлемнің қақпасын ашты.
Микроскоп адамзатқа көзбен көруге болмайтын микро дүниенің алуан түрлі хикметін ашып көрсетіп, жан-жануар тіршілік етіп жатқан ұлы табиғат адам баласына жаңа бір белесіне мінгізді.
Электронды микроскоптың экрандағы үлкейту еселігі мың да елу мың есе болып, оны электронды үдеткіш немесе оптикалық үңіліс әйнегі арқылы және де үлкейтуге болатын болды. Сондықтан, электронды микроскоптың анықтық дәрежесі оптикалық микроскоптан әлдеқайда жоғары, онымен молекулаларды, тіпті атом қабатын да көруге болады.
Электронды микроскоп
Электронды микроскоп анықтық дәреженің жоғары сатысына қарай дамуда. 1938 жылы жасалу қағидасы ұқсамайтын жаймалау формасындағы микроскоп зерттеліп жасалды. 1939 жылы Германиялық Бершер және де көлеңкелі электронды микроскопты тапқырлады. 1982 жылы неміс ғалымы Гуард Бенс пен швециялық ғалым Ханлишро Ролер электронды тоннель әсері микроскопты зерттеп жасады. Осы микроскоптардың үлкейту еселігі үш жүз миллион есеге жетті. Айқындау аралығы 0,01 ангстем, атом радиусының 1/10-індей ғана, осы тапқарлықтарының арқасы жоғарыда аталған екі ғалым Нобель Физика сыйлығын еншіледі.
Осыдан кейінгі жылдары оптика ғылымы мен электрон ғылымы бірігуі арқасында АҚШ ғалымдары да Нобель сахнасына көтерілді. Микро технология адамзатқа жаңаша тіршілік ету формасын ұсынды. Оның даму болашағы шексіз, әрі бай мазмұнды.
Тарихқа ықпал еткен тапқырлықтар: ӘЙНЕК
Тарихқа ықпал еткен тапқырлықтар: Термометр
Тарихқа ықпал еткен тапқырлықтар: Дүрбі
Тарихқа ықпал еткен тапқырлықтар: Жай тартқыш
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: wikipedia.org
M. Auelkhan