- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Тарихқа ықпал еткен...
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш
1752 жылы Америка ағартушысы, мемлекет қайраткері, ғалым Бенджамин Франклин өміріне төнген қауіпке қарамай, өзі жасаған батпырауығымен аты әйгілі найзағайды ұстау тәжірибесін жасады. Бұл тәжірибе – жай тартқыштың ойлап табылуынан дерек беретін-ді. Оның негізгі қағидасы металл таяқшадан (көбіресе мыс) жай тартқыш жасап, жайды тартып, жайдағы электрды жерге сіміріп, сол арқылы құрылыстарды жай түсуден сақтайды. Жай тартқыштардың жай тарту көлемі конус тәрізді. Оның жер беті радиусы жай тартқыштың жер бетінен биіктігімен қарайлас болады.
Найзағай – адамзат сырын ашудан бұрын ұлы табиғаттағы жойқын, әрі, ғажап жаратылыстық күштердің бірі болатын. Адамдар өз айналасындағы заттарды қас-қаққанша күйретіп, кісіні жаралап, тіпті өлімге дейін апаратын осы құбылыстың не екенін білмеуші еді. Франклин тәжірибе жасау арқылы найзағайды біртүрлі зарядталу құбылысы деп қарады. 1752 жылы шілденің найзағайлы жаңбырлы күнінде ол тоқ соғу қаупіне қарамай, мыс кілт байланған батпырауықты аспанға ұшырып қойып, күн жарқылдап, найзағай ойнағанда қолын әлгі кілтке жақындатады. Сол мезет ол кілттен ұшқын шығып, қолының ұйығанын сезеді. Бұл реткі сынақта найзағай әлсіз болғандықтан, ол қатерден аман қалады. Кейін Ресей ғалымы Рекман жоғарыдағыдай тәжірибе жасаймын деп жай түсіп өлгені белгілі. Бұл тәжірибе ғылым саласын дүр сілкіндірді. Франклин жоғарыдағы қағидаға негізделіп, жай оңай түсетін биік ғимараттың төбесіне бір металл таяқшаны орнатып, оны сым арқылы жерге жалғайды. Ғимарат кеңістігіндегі найзағай дерлік жерге таралып кетеді де, ғимаратты жай түсуінен қорғайды. Ол жобалап жасаған жай тартқыш ең әуелі Филадельфиядағы өзінің тұрағына қойылады. Онан соң көршісі орнатады, кейір әрбір кен кәсіпорны да оған еліктеп орната бастайды.
Жай тартқыш ырықты тәсілмен электрды жерге жіберіп, қатерден сақтап қана қалмастан, адамдарға электрдың қасиетін толық танып жеткенде, оны меңгеріп, адамзат үшін қызмет еттіруге болатынын аңғартты.
Жай тартқыш қарапайым, әрі, жасауға оңай, орнатуға қолайлы және жайдан сақтанудағы кереметтігі арқылы тез жалпыласып, дүниеге кеңінен тарады. Кейін ғалымдар осызаманғы ғылыми-технология жетістіктерін пайдалана отырып, өнімділігі тіпті де жоғары жай тартқыштарды зерттеп жасады. Мысалы, радиоактивтік жай тартқыш және лазерлі жай тартқыш. Олар зарядталған бұлт қабатына зарядталған бөлшек немесе лазер шоғын жіберіп, атмосфера қабатындағы тарам-тарам электр жеткізу жолдарын қалыптастырып, барынша ырықты амалмен «аспандағы электр» мен «жердегі электрдің» қосылуын жүзеге асырады.
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: wikimedia.org
M. Auelkhan