Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Қазақ ғалымы «Мыңжылдықтың 7 проблемасының» біреуін шешті

Қазақ ғалымы «Мыңжылдықтың 7 проблемасының» біреуін шешті

Қазақ ғалымы «Мыңжылдықтың 7 проблемасының» біреуін шешті

Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, академик Мұхтарбай Өтелбаев «Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы» атты еңбегін аяқтап, ғылыми басылымда жариялады, – деп хабарлайды kaztrk.kz.

Мұхтарбай Өтелбаевтің бұл еңбегі «Мыңжылдықтың проблемасы» аталатын ең күрделі 7 математикалық есептің қатарына енген. Осы проблемалардың әрқайсысын шешуге Клэй математикалық институты 2000 жылдың басында 1 миллион АҚШ долларын тіккен болатын.

Kaztrk.kz сайтына жарияланған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда мыңжылдықтың 7 проблемасының тек біреуі ғана шешімін тапқан, екіншісінің шешімін қазақ ғалымы Мұхтарбай Өтелбаев тапты. 

Мұхтарбай Өтелбаев 1942 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген. 1969 Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1973–2000 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика ғылым-зертттеу институтында, ҚазҰУ-да, Жамбыл педагогикалық институтында, Қарағандыдағы Қолданбалы математика ғылымының зерттеу институтында, ҚазҰПУ-да ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды. 1993–1995 жылдары ҚР Министрлігі Кабинет жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің аэрогидродинамика бөлімінің бастығы болған. 

2000 жылдан бастап Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Еуразиялық математика институтының директоры, Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы бөлімшесі директорының орынбасары қызметін атқарады.

Материалды дайындауға kk.wikipedia.org мәліметтері пайдаланылды

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: life.enu.kz

Қосылған күні: 10 қаңтар 2014, 13:38
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2014, 14:50

Асығыс жасалған мәлімдеме. Бұл есептің шешілуі әлі ғалымдар кеңесінің алдында дәлелденбеген сияқты

+0
13 қаңтар 2014, 22:32

Жарайсыз дегім келеді осы ағайға !...математиктер жасасын!Әттең математиктерге Нобель сыйлығының берілмейтіні өкінішті-ақ...осындайда

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.