Көлеңкеден қорқу керек пе?

Көлеңкеден қорқу керек пе?

Адам көлеңкесі туралы аңыздар мен әңгімелер қай дәуірде болмасын сөз болған. Көптеген елдерде адамдар көлеңкенің екінші адам екеніне сенген. Тіпті, олар көлеңкені адамның екінші «Мені» деп те ойлаған. Яғни адам рухының көрінісі есебінде санаған. Мифологиялық кейіпкер адамнан бөлініп шығып, өз иесіне қатер тудыруы мүмкін деген де сөз таратқан. "Қорыққанға қос көрінер" деген осы шығар. Жалпы адам баласы қызық жаратылыс екені даусыз. Түймедейді түйедей қылып, дүниені асты-үстіне шығарып жататыны бірінші рет емес. Шындығында, көлеңке деген – иесінен бөлінбес субстанция болып саналады. Және одан қауіп күту балалық болар...

Қызықты деректерге сүйенсек, поляктарда көлеңке Мора бұлты, славяндарда вампир және өлген адамның рухы болып саналады-мыс.

Адам көлеңкесі жайында ауыл арасында гу-гу көп. Мәселен, ер кісілер көлеңкені өзінен бөлініп шыққан қорқаққа санаса, әйел заты көлеңкелер түнде иесінен босанып шығып, сыртта жүреді деп қатты қорыққан.

Болгариялық аңызға сүйенсек, құдай өз көлеңкесінен құбыжық жаратқан екен. Әлгі құбыжықтың көлеңкесінен отынмен ұрғанда ғана, сиқыры мәңгіге жоғалып, алдын алуға болады деген сенім бар болып шықты.

Ең қызықты мистикалық сенім сербтерде. Ел аңызының айтуы бойынша, адам көлеңкесі иесінің ойына кіріп алып, есінен тандыруы мүмкін. Сондықтан болар, сербтер әлі күнге балаларына көлеңкесімен ойнауға қатаң тыйым салады. Әсіресе, қолмен ойнап, көлеңкенің үстіне секіруге. Аталған сенім ирландықтарда жақсы сақталған. Олардың ұғымында көлеңкені басуға болмайды екен. Басып кеткен жағдайда, жамандық шақыратын болып шықты. Кіп-кішкентай баланың өзі ауырып қалса да, көлеңкесін біреу-міреу басып кеткен ғой деп ырым шақыратын көрінеді. 

Славяндарда да көлеңке жайындағы аңыз-әфсаналар жеткілікті. Қорқынышты десек те болады. Адамның өлерінен бірнеше күн бұрын иесін көлеңкесі тастап кетеді-міс. Егер қылышпен, семсермен адам көлеңкесін сілтер болса, онда сол көлеңкенің иесі міндетті түрде өледі деп санаған. Иесі өле қалған жағдайда, көлеңкесі өзін қоярға пана таппай, алас ұрып кетеді деген тұжырымдар бар.

Ал белорусьтардың түсінігі өз алдына бір қызық. Бір кісі ауыра қалған жағдайда, қабырғаға көлеңкесін әкпен сызады екен. Ауырған адам бірден жазылып кетеді-міс. Оған қоса, адамдар ауырғанда ине жіп пен түйреуішті қосы лақтырып жіберген. Бәле-жәледен аулақтану үшін.

Алыс солтүстіктің де түсінік пен сенім турасында ешкімнен қалмасы белгілі. Олар жаңадан сатып алынған үйге ешкімді жолатпаған. Егер адам көлеңкесі іргетасқа түсіп кететін болса, онда сол үйдің ақысына адам жанын алады екен. 40 күннен соң, үй иесі өліп, әлгі үйдің жебеушісі болып сайланады екен.

Суреттер: ua-kinomania.livejournal.com liveinternet.ru 

Ж. FM