Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр

1593 жылы италиялық философ, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы Галилео Галилей адамзат тарихындағы тұңғыш термометрді сәтті жасап шықты. Ол заттардың ыстықтан ұлғайып, суықтан тарылу қағидасы бойынша температураны өлшейді. Термометрдің ойлап табылуы адамзат өркениетінің дамуына жан-жақты ықпал жасады.

Галилей 17 жасында Пицца университетінің медицина  факультетіне қабылданады. Ол науқастардың ауыр жағдайы дене температурасымен байланысты екенін байқайды. Сонымен, оның ойына дене қызуын өлшейтін аспап ойлап табу түседі. Галилей жуандығы бидайдың сабындай, ұзындығы 26 миллиметр келетін әйнек түтікшені үлкендігі жұмыртқадай домалақ әйнек шарға жалғайды. Оны пайдаланғанда аузы ашық әйнек түтікшеге біраз су құйып, содан домалақ әйнек шарды жоғары көтеріп, әйнек түтікшенің ашық аузын су құйылған ыдысқа батырады. Температура өрлегенде, түтікшедегі ауаның көлемі ұлғайып, бір бөлік су ығысып шығады да, түтіктегі судың деңгейі төмендейді. Керісінше, температура төмендегенде, түтіктегі ауаның көлемі тарылып, ыдыстағы бір бөлік су түтікке енеді де, түтіктегі су деңгейі көтеріледі. Сондықтан, Галилей «градус» ұғымын пайдаланып, термометрге сандық белгі салады.

1593 жылы Галилей сынақ ретінде жасаған термометр жарық көрген соң, Пардоуа университеті медицина ғылымдарының докторы, профессор Санктолюс қайталай сынақтан өткізіп және өзгерістер енгізіп, 1600 жылы медициналық термометр жасап шықты.


Температураны өлшеп, оның меңгеру, әртүрлі градус өлшемдері белгілі болған соң, ол адамзат тұрмысы, өндірісі, зерттеу салаларына қолданыла бастады. Бактерия өсіру, дәрі жасау, сапалы тұқым жетілдіру, арақ ашытудан бастап, ауыр өнеркәсіптен болат-темір қорыту, атомдық жылу ядро реакциясы, аспан денелерін зерттеу салаларына дейін пайдаланылды. Жалпы, температураны өлшей алу адамзаттың табиғат дүниесін тану және өзгертудегі қажетті тәсілдерінің біріне айналды.

Әрине, 16-шы, 17-ші ғасырлардағы термометрдің медициналық дәлдігі бүгінгі күндегідей жоғары деңгейде болмаған. Галилейдің термометрі ауаның жылудан ұлғайып, суықтан таралуы өзгерісі арқылы өлшенгендіктен, оның нәтижесінің айырмашылығы да біршама үлкен болады, себебі ол атмосфералық қысымның әсеріне ұшырайды. Термометрдің көрсеткен нәтижесі сыртқы факторлардың әсеріне ұшырамай жылудан ұлғайып, суықтан тарылатындай етіп жасау өте маңызды болды. Бастапқы кезеңде, зерттеушілер әйнек түтіктегі ауаны сорғызып тастап, оның орнына спиртті жылудан ұлғайып, суықтан тарылтатын зат ретінде пайдаланып, дәлдікке бір табан жақындаған. 

1659 жылы франциялық астроном Брио спирттың орнына сынапты пайдаланып, ұқсас тәсілмен минус 39 градус пен плюс 375 градус аралығындағы термометрді жасап шықты.

Электронды термометр

Жай термометр

Жай термометр

1741 жылы және 1742 жылы германиялық ғалым Габрейл мен швециялық ғалым Андряс жеке-жеке фаренгейтті және Цельсий градус өлшемін ойлап тапты. 1848 жылы англиялық ғалым Уилиам Томсон жылу күші іліміне тән градустық өлшемді жасап, адамдардың тұрмыс, қызмет, ғылыми зерттеу жүргізуіндегі температура өлшеміне тұрақтылық енгізді.

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: topauthor.ru

M. Auelkhan