Мұз астындағы тау

Мұз астындағы тау

Мемлекетаралық ғалымдар мен зерттеушілер тобы Шығыс Антарктидада орналасқан әлемдегі ең бір жұмбақ таудың сырын ашыпты. Ол - Гамбурцева тауы (Гамбурцева ғалымның құрметіне берілген).

Аталған тауды 3000 метр қалыңдықта мұз жауып жатыр екен. Бұған дейін 1958 жылы кеңестік ғалымдар ашқанмен, ары қарай зерттелмей келген-ді. Сол күйі таудың сыры да беймәлім болатын. Сол кездерде ғалымдар тауды ерте кездерде құрылған деген болжам шығарған. Алайда, тағы бір мүйізі қарағайдай ғалымдар жағы таудың түзілуіне қарап, жас екендігін алға тартқан-ды. Ұшқары пікірлердің қайсысы дұрыс екендігі сол күйі анықталмай келген. Енді сол анықталыпты.

Гамбурцева тауы Шығыс-Антарктидалық риф жүйесімен қатты ұқсас.  Ұзындығы - 1300 км,  ені - 200-500 км. Ол жерде болжам бойынша, бірнеше миллиард жыл бұрын құрлықтар соғысқан. Соның нәтижесінде литосфералық киль түзіліп, жер асты қыртыстарына барып бір-ақ түскен.  Біз білетіндей,   250 миллион жыл бұрын Гондвана құрлығында да литосфералық киль өртенген болатын. Соның нәтижесінде түзілісі ерекше, қатпар-қатпар таулар бой көтерген еді. Алайда, олар мүжіліп кеткен-ді. Сонымен Гамбурцева тауының ұзақ уақыт бойына аман-есен келгендігі белгілі болды. Басқа таулар мүжіліп жатқанда, осы бір тауды 35 миллион жыл ерте кезде мұз жапқан екен.

Тағы бір айта кетері, Гамбурцева тауын зерттеуде біршама қиындықтар болған. Жаз күндерінің өзінде ауа-райы  минус 80-ге түскен. Ал қыста біршама жылы болғанмен, зерттеушілерге қолайсыздық туғызып тұрған. Ғалымдар оған да пысқырмапты. Twin-Otter атты ұшақпен 800-900 км қашықтыққа емін-еркін барып отырған. Олардың ұшақпен еңсерген жүрісі 120  000 км-ді құраған.

Гамбурцева тауының ерекшелігі осымен ғана бітпейді. Гамбурцева тауынан үлкен бір жылылық байқалады екен. Себебі, тауға жақын орналасқан бұлақ көздері бар болып шықты. Олардың әрқайсысы  1,2-1,5 млн  жыл бұрын пайда болған деседі.

Сурет: logoslovo.ru

Ж. FM