- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Мобильді қосымша арқылы...
Мобильді қосымша арқылы балаға ағылшын тілін үйрете аламыз ба?
Осы күнгі балалар мобильді гаджетті оқу мен жазудан бұрын үйренеді. Сіз бен біз білмейтін қосымшаларды қопарыстырып отырғанда жағаңды ұстайсың. Бәрін іштен біліп туағандай. Баланың құр босқа ойындар ойнап, видео қарап отырғанын кім қалайды дейсің. Ендеше, неге үйретуші бағдарламалардың көмегімен сауат ашпасқа? Ең қажет емес деген нәрсені жақсы жағында пайдалануға болады...
Баланы ойнатып, көңіл көтертіп отырып бір уақытта шет тілін үйренуге мүмкіндік беріңіз. Арнайы мамандар күн сайын пайдалы бағдарламаларды жасап шығаруда. Бір қуанарлығы олардың көбісі тегін болып келеді. Сіздердің назарларыңызға ағылшын тілін үйрететін ең танымал балалар қосымшаларын ұсынамыз...
Ағылшын тілін LinguaLeo арқылы үйрену.
LinguaLeo – ойын түрінде ағылшын тілін үйрететін бірден-бір қосымша. Интерактивті бағдарлама арыстанның күшігі Леоның көмегімен көптеген жаттығулар жасай алады. Балалар түрлі жағдаяттарға байланысты жаңа сөздер үйренеді. Оқу өз нәтижесін береді, себебі, жаттығулар ағылшын тілінің негізгі қосымшасынан құрылған. Тапсырмалар аударма сөздер, орфографикалық құрылым, грамматикалық жаттығулар, тұрақты сөз тіркестері, сөйлемнен тұрады.
Пілдің баласы Бенни – балаларға тіл үйретуге көмекші.
Бағдарлама сізге ағылшынша үйренудің қарапайым әрі ыңғайлы түрін ұсынады. Пілдің баласы Бенни балаларға көптеген жаңа сөздер үйрете алады. Сәлемдесуге, санауға, тұрмыстық заттарға, отбасына, гүлдерге байланысты жаңа сөздер қоса алады. Жаңа ақпаратты жаттау үшін жазылған суреттер көрсетіледі. Ауыз екі тілде сөйлеп үйрену үшін қосымша батыр – піл баласының досы Габи енгізілген. Ол екеуінің диалогы баланы қайталау арқылы сөйлеуге бағыттайды.
Fun English – кішкене ойын арқылы ағылшын курсынан өту.
Fun English – ағылшын тілі мамандарының балаларға арнап тіл үйренуге жасаған бағдарламасы. Ойынның жаттығулары 3-10 жастағы балаларға арнап жоспарланған. Бұл курстан да сөздердің айтылуын, грамматикасын, жаңа сөздері үйренуге болады. Сөздік тақырыбына орай: гүлдер, сандар, жануарлар, анатомия, тамақ, автокөлік, үй және киім-кешектен құралған. Бағдарлама дикторлардың америкалық және британдық акцентімен оқылған. Оқу барысында құлаққа жағымды әсем әуендер ойнап тұрады.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: adme.ru
Ш. Талап