Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / "Титаник": Миф пен шындық

"Титаник": Миф пен шындық

Алып айсберг "Титаниктің" суға батпайтындығы туралы мифті жойып жіберді...

Жолаушылар кешкі ас ішіп, би билеп, кейбіреулері болса, ұйқыға дайындалып жатқан болатын. Бірер сәттен соң, тарихта мәңгілік қалатын орасан зор апат болатыны ешкімнің де ойына келмеген еді, тіпті, түсіне де кірмеген.

Бүкіл адамзат баласы мұндай ірі көлемді кемені бұдан бұрын еш көрмеген. Ең үлкен, ең қуатты, ең сенімді және конструкторлардың айтуынша еш суға батпайтын кеме - өзіне сәйкес "Титаник" деп аталады. Корольдік верфтерден (кеме жасайтын және оны жөндейтін жер) шыққан "Титаник" өзінің алғашқы жүзу сапарына аттанып, оның алғашқы және соңғы сапары ретінде тарихта қалды. Бұрын-соңды болмаған осынау апат бүкіл әлемді дүр еткізген еді.

Кеменің кереметтілігі соншалықты, құрылысшылар мен флот иелері менменсіген түрмен: "Құдайдың өзі бұл кемені суға батыра алмайды" - деп мәлімдеген болатын. Нәтижесінде адамның атақ құмарлығы мен менменшілдігі қатаң түрде жазаланып, аса ірі айсберг санаулы секундтардың ішінде Титаниктің болаттан жасалған корпусын жарып, кеме отсектеріне Атлант мұхитының мұзды суын толтыра бастады. Санаулы сағаттардан соң, кеме бортындағы оркестрдің сазды әуенімен әйгілі "Титаник" мұхиттың қойнауына кеткен еді.

"Титаник трагедиясынан жүздеген жолаушыны жан түршігерлік құрбандықтан аман алып қалуға болар ма еді?", - деген сауалға зерттеушілерден жауап іздейтін болсақ, олардың "Иә" деп жауап берері анық. "Егер кеме жасайтын "Ақ жұлдыз" компаниясының иелері "Титаникті" жеткілікті мөлшерде шлюпкалармен және салдармен жабдықтағанда, жүз емес, мыңдаған жолаушының аман қалуы мүмкін еді. Алайда ешкім кеменің бату мүмкіндігі жайлы мүлдем ойламаған", - дейді ғалымдар. 

Титаниктің қысқа ғұмыры Солтүстік Ирландия, Белфастте орналасқан Харланд пен Уолфтың кеме жасайтын конструкторлық бюросынан басталды. Оны жасаушылар, өкінішке орай, қауіпсіздікке қарағанда, көбіне сән мен жылдамдыққа көңіл бөлген болатын.

Тәжірибелі кеме жасаушылар, дизайнерлер, инженерлер, тойтарушылар және басқа да мамандар әлемдегі ең әдемі кеме жасауда аянбай еңбек етіп, тер төккен болатын. Кемедегі барлық нәрсе көркімен қайран қалдырып, тамсандыратын. Титаниктің ұзындығы 275 метрді құраған; кеме төбесіне әрқайсысының диаметрі 6,7 метр болатын түтін шығаратын 4 мұржа көтерілген. Оның салмағы 46 мың тонна болған және кемеге сағатына 23 узелмен жүзуге мүмкіндік беретін 50 мың ат күші бар қозғалтқыш орнатылған еді.

Кеменің жолаушыларға берген ыңғайлықтары жайлы сөз қозғар болсақ, бірінші кластағы жолаушыларға барлық жағдай қарастырылған. Оларды тіпті жүзу бассейнімен де қамтамасыз еткен (ол кезде кеме құрылысында үлкен жаңалық болған). Сонымен қатар, жолаушылардың сапары ләззатты өтуі үшін түрік моншасы, гимнастикамен айналысатын спорт зал, теннис корты, париж кафесі, пальма бағы және көптеген музыкалық салондар мен мейрамханалар кеме бортында орын алған болатын. Бірінші кластағы жолаушыларға сәулетті апартаменттер мен люкс-каюталар жабдықталған еді.

"Ақ жұлдыз" администрациясы Титаникті әлемдегі ең әдемі және ең үлкен кеме ретінде кеңінен жарнамалауының салдарынан Саутгемптоннан Нью-Йоркке бағыт алған алғашқы сапардың жолаушылар тізімінде сол кездегі танымал да бай адамдардың есімдері болды. Олардың ішінде: қайырымдылық жасаумен атағы шыққан финансист Бенджамина Гугенхейм, американдық суретші Фрэнсис Миллет... Ескере кететін бір жайт олардың көбі сол саяхатқа жалғыз емес, керісінше жанұяларымен аттанған еді.

"Титаниктің" құрылысы 4 миллион фунт стерлингке түскен болатын, бүгінгі бағамен қарағанда - ол 100 миллионды құрайды. 1912 жылы 10 сәуірде Саутгемптоннан Нью-Йоркке бағыт алған алғашқы сапарында Британия мен АҚШ туын желбіретіп шыққан әйгілі кеменің палубасында тек 20 құтқарушы шлюпка болған еді. Бұл Британ кодексінің талабынан 4 шлюпкаға артық болатын. Алайда кеменің барлық жолаушысын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін бұл шлюкалар тым жеткіліксіз еді.

P.S. Келесі бөлімде Титаниктің бату кезіндегі жағдайын оқитын боласыздар

Сурет: zastavki.com, resimde.com, secondrussia.ru

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 11 сәуір 2012, 14:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.