- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Бүгінгі студенттердің білімі...
Бүгінгі студенттердің білімі қандай?
Кент университетінің профессорлары Джон Данлоски мен Кэтрин Росон 2012 жылы университет студенттерінің жалпы білім деңгейін бағалап, оны дәл сол категория арасында 1980 жылы Томас Нельсон мен Луис Наренсо өткізген тест нәтижелерімен салыстырып шықты. Нельсон мен Наренс қойған дәл сол 300 сұрақты қолдану арқылы Данлоски мен Росон жалпы білім деңгейінің жаңа нормасын анықтамақ болған. Нәтижесінде олар университет студенттерінің қазіргі буыны география, тарих, математика, өнер және жаратылыстану салаларынан тұрақты және негіз болатын деректерді білмейтінін анықтаған. Мәселен, зерттеушілер бүгінгі студенттердің небәрі 5 пайызы ғана Мария Кюри радийні тапқанын; Эвклидтің геометрия атасы екенін; Моцарттың «Дон Жуан» операсын жазғанын; Артур Конан Дойл Шерлок Холмс жайлы әңгімелердің авторы екенін; АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның жерленген жері Монтичелло деп аталатынын; Альфред Нобельдің динамитті ойлап тапқанын біледі екен.
Әрі қарай одан да нашар жаңалық айтайық. 1980 жылы Париж Франция астанасы екендігі жайлы дерек дұрыс жауап берілген сұрақтардың ішінде алтыншы орында тұрған. Ал 2012 жылы бұл сұрақ 23-орынға төмендеген. Тағы бір таңқаларлығы студенттердің отыз пайызы (Ирактың астанасы) Бағдадты Ауғанстан астанасы (шынында Кабул) деп ойлаған. Алты пайызы (Кения астанасы) Найробиді Африка (құрлық) астанасы деп ойлап жүріпті. Сонымен қатар, студенттердің 21 пайызы Будапешттің (Венгрия астанасы) Үндістан елінің астанасы (Нью-Дели) екендігіне сенімді болған. Және тағы бір ғажап: студенттердің 12 пайызы Эверест тауы Аппалачта орналасқан деп жүріпті.
Егер география негіздерінен қазіргі буынның білімі сіздің үрейіңізді алса, онда олардың тарихқа қатысты білімі қуантпасыз сөзсіз. 2012 жылы лейтенант Джордж Кастердің Литтл-Бигхорндегі шайқастан жеңіліс тапқаны жайлы білім 58-орыннан 79-орынға төмендеген. 1980 жылы Мысыр билеушісі Клеопатра жайлы білім 32-орында болса, 2012 жылы ол 54-ке түскен.
Ал позитивті сәттерге келер болсақ, Данлоски мен Росон бүгінде студенттердің көп бөлігі 1980 жылғы әріптестерімен салыстырғанда, поп-мәдениет жайлы анағұрлым көп білетіндіктерін байқаған.
Мәселен, Брюс Уэйннің (Бэтмен) сарай қызметшісінің есімі Альфред екендігі жайлы білім дұрыс жауап берілген сұрақтар рейтингісінде 137-орыннан 101-орынға көтерілген; Бүгінде 1980 жылға қарағанда, екі есе көп студент Marlboro фирмасының тұңғыш болып темекіге арналған үсті ашылатын қорапша жасай бастағанын біледі; ал шотландықтардың бүрмелі белдемшесі «килт» деп аталатындығы туралы мәлімет 1980 жылғы 79-орыннан 25-орынға көтерілген.
Егер сіз де өз біліміңізді тексергіңіз келсе, онда төменде берілген он сұраққа жауап беріңіз. Айта кетсек, Данлоски мен Росон тестілеп шыққан 671 студенттің бірде-бірі барлық сұраққа дұрыс жауап бере алмапты.
1. Оңтүстік Америкадағы ең биік тау?
2. Азаматтық соғыс кезіндегі Конфедераттардың ең ірі әскери түрмесі қалай аталды?
3. «Ағалы-інілі Карамазовтар» романының авторы кім?
4. Алғаш рет 1 мильдік қашықтықты төрт минуттан жылдам жүгіріп өткен адамның есімі?
5. Еуропаны Азиядан бөліп тұратын тау тізбегі?
6. 1960 жылы Ресей әуе кеңістігінде атып түсірілген U-2 тыңшы ұшағының ұшқышы кім?
7. "Өз елім үшін құрбандыққа шалуға болатын бір-ақ өмірімнің болғанына қатты өкінемін" деген адамның тегі?
8. Көтеріліс кезінде британдық "Bounty" кемесін басқарған капитанның тегі?
9. Фидель Кастро тақтан түсірген соңғы кубалық көшбасшының тегі?
10. Құрама Штаттарындағы Азаматтық соғыс жайлы суреттердің көп бөлігін түсірген адамның тегі?
Жауаптар: Аконкагуа (Aconcagua), Андерсонвиль (Andersonville), Достоевский, Бэннистер (Bannister), Орал, Пауэрс (Powers), Хэйл (Hale), Блай (Bligh), Батиста (Batista), Брэди (Brady).
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: ru.tsn.ua
Ж. FM