- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Бермуд үшбұрышының құпиялары...
Бермуд үшбұрышының құпиялары
Бермуд үшбұрышын тағы да «Шайтан» үшбұрышы деп те атайды. Осы құбылыстың бар екендігін мойындамайтын қазіргі заман географиясы бұл атаулардың екеуін де ресми ат деп есептемейді. Ал басқаларға бермуд үшбұрышы - тарихынан сыр шерткен сайын әлемнің жаратылысын білуге болатын мистикалық жұмбақ саналады.
Жүздеген кемелер мен ұшақтар, сонымен қатар, мыңдаған жолаушылар жоғалып кеткен жердің территориясы Флориданың оңтүстік бөлігі мен Пуэрто-Рико және Бермуд аралдарының аралығындағы 4 миллион шаршы километр жерді алып жатыр. Егер картада аталған үш нүктені жалғай өткен сызық сызсаңыз, жұмбақ пен құпияларға толы мекен - Бермуд үшбұрышының аумағын көруге болады.
Алғаш ғайып болғандар жайлы L' Associated Press журналының тілшісі Эдвард Ван Вайнкл атап өткен болатын. 1950 жылы өз мақаласында Эдвард Ван Вайнкл осы территорияны «Шайтан теңіз» деп атаған болатын. Ал басқа тілші – Вансен Гади өз мақаласында дәл сол аумақты «Қатерлі Бермуд үшбұрышы» деп атағандардың ішінде 1964 жылы тұңғыш болды.
Тіркелгендердің ішіндегі ең танымал жағдайлардың бірі – ол АҚШ әскери-теңіз күштерінің 5 әскери ұшағының жоғалуы. 1945 жылы желтоқсан айында Эвенджер бомбалаушы-торпедо тастағыш бөлімі еш хабарсыз жоғалды. Және 14 адамнан тұратын экипаж да хабарсыз кетекендердің қатарында. Іздеу барысында не ұшақ қалдықтары, не адам денелері табылмаған. Экипажбен байланыс үзілмес бұрын, командир бөлімі Тэйлор лейтенант түсініксіз жағдайлармен навигациялық жабдықтардың жаңылысуын хабарлаған. Басқа ақпарат көздерінде командирдің: «Біз ақ суға еніп барамыз» деген хабарлауында мұхит бетінің аномальды өзгеруі айтылады. Іздеуге жіберілген ұшақ тобының ішіндегі «Мартин Маринер» қайта оралмады және табылған жоқ.
Бермуд үшбұрышының жұмбақтарын шешу жолында, техникалар мен адамдардың жоғалып кету себептерін анықтайтын көптеген теориялар құрылды. Экипаждардың көмек сигналын жіберуге үлгермей жоғалып кеткен жағдайлар да аз емес. Альберт Энштейн, Мичио Каку секілді ұлы физиктертердің жұмыстарына сүйене отырып, көптеген нұсқалар да ұсынылды. Соның ішінде метандардың теңіз түбіндегі қорының мол болуы. Бұл гопотезаға сәйкес, теңіз бетіне шығатын газ көбіктері су тығыздылығын қатты төмендетіп, кемелердің теңіз түбіне өте жылдам батуына әсер етеді. Эксперимент түрін мұндай мүмкіншілік дәлелдеген. Кеме метан шығарылған жерге жетісімен, шынымен де теңіз түбіне өте жылдам бата бастайды, бірақ мұндайға қол жеткізу үшін көпіршік минимум батып бара жатқан кеменің көлемімен бірдей болуы керек. Алайда мұндай көлемді метанның болуы екіталай. Олар Атлант мұхитының әртүрлі жерлерінде табылған, бірақ соған қарамастан, олардың қоры кеме жоятын мөлшерде емес.
Басқа нұсқаларға қарайтын болсақ, кемелердің апатқа ұшырауының себебі «Кезбе толқындар» деп аталатын өте сирек кездесетін құбылыс. Олардың биіктігі теңіз бетінен 30 метрге дейін жетеді. Кезбе толқындардың пайда болуының басты себебі ретінде мұхит астындағы жер сілкінісі қарастырылады. Аталған толқындар өзіне бөгет болған кез келген кемені қирату мүмкіндігіне ие. Солай болсын, бірақ ұшақтар ше? Осы сұраққа келгенде, ғалымдардың көбісі тығырыққа тірелді.
Бір ескерелік жайт, қазір ғалымдар Бермуд үшбұрышының құпиясын Атлантида аңызымен байланыстырып отыр. Ұлы Платон өз еңбектерінде 9000 жыл бұрын апат кезінде жойылған Атлантида мен оның тұрғындары – атланттар жайлы жазып кеткен болатын. Жойқын жер сілкінісі тұтас бір континент пен ұлы цивилизацияны жер бетінен біржолата жойған болатын. Атлантида аңызын зерттейтін қазіргі ғалымдар атланттардың энергия көзі болып саналатын әлдебір кристалдар қолданғандарын айтады. Және ғалымдардың болжауынша, сол кристалдардың бірі немесе бірнешеуі Багам аралдары төңірегінде, тереңдігі 1,5 километр жерге көмілген. Бір қызығы апаттардың көбі дәл сол төңіректе болады екен. Ғалымдардың болжамына сенетін болсақ, аталған энергия көздері электронды жүйелердің, құралдардың және навигация жабдықтарының негізсіз бұзуылының басты себебі.
Қалай болғанда да, Бермуд үшбұрышы адам ойын әлі күнге дейін дүрліктіруде, соған қарамастан, әлемнің үздік ғалымдары осы феноменнің құпиясын ашу мақсатында түрлі-түрлі болжамдар құруда.
Сурет: unmuseum.org, whatafy.com, mystic.tet.tv, aminpro.narod.ru
Ж. FM