- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Данышпандар: 10 керемет...
Данышпандар: 10 керемет оқиға
Ел-жұрттың аузында оғаш қылығымен, ғылымда ашқан жаңалығымен, тарихта "ауыш" деген атағымен қалған данышпандарды тағы бір еске салудың реті келіп отыр. Ендеше, олардың ойлау әлемі әлемді қаншалықты өзгерте алды.
* * *
10. Бұршаққа қарсы
Гректің ұлы математигі Пифагордың ғылымға сыйлаған теориясы кейіндеу геометрияның негізін қалауға себеп болды. Алайда, қарт данышпанның барлық ойы бірдей уақыт сынағына төтеп бере алмаған. Пифагор үнемі вегетарианшылдық идеясын қолдап отырған және осы бір практикалар көрінісінде бұршақ мәдениетіне толық тыйым салғысы келгенге ұқсайды.
Аңызда математиктің өліміне дәл осы бір дәннің себеп (бұршақ) болғандығы айтылады. Қарақшылардан қашып келе жатып, бұршақ егілген алқаптың алдына келіп тоқтаған. Аз ойлана, алқап ішіне кіруден гөрі ажалдың артықтығын түсінген ол төніп келген қарақшылар қолынан қаза тауыпты.
9. Әжетханаға бармай қою
Тихо Браге – өзінің эксцентрлі (оғаштау) өмірімен аты шыққан, тарихта ерекше өліммен аты қалған 16 ғасырдағы дат астрономы. Ол колледжде жүріп, дуэльге түскен сәтте мұрнын жаралап, өле-өлгенше металлдық протез тағып жүруге мәжбүр болады. Оған қоса, Тихо күлегеш те еді, және зерттеушінің түбіне жеткен сол күлкісі болуы да мүмкін.
Прагада өткен банкет кешінде Тихо кеш біткенше әжетханаға бармай қояды. Ал сол уақытта мұнысы әдепке (этикет) қарама-қайшы еді. Ақырында ол бүйрек қабынуына ұшырап, 11 күннен соң қуық қабыршағы жарылып өлген деседі.
8. Өз уақытын басып озған данышпан
Никола Тесла барлық уақыттың ең ұлы ғалымы саналып келеді. Ол 1884 жылы Сербиядан АҚШ-қа қоныс аударылады. Томас Эдисонның қол астында жұмысқа тұрып, радиоқұрылымдау, робототехника мен электр саласында теңдессіз жаңалықтарды аша бастайды. Олардың кейбірін Эдисон өз атына аударып та алады.
Тесла жұмыс уақытында ғана қызба емес еді: ол тітіркенгіш келетін, нақтылай кетсек - микробтардан өлердей қорқатын. Сонымен бірге, ол 3 санына құлай берілгендіктен, ғимаратқа енбей тұрып, үй сыртын үш айналып өтетін. Ас уақыты келген тұста ол дәлме-дәл 18 майлықты (салфетка) асхана аспаптары жылтырай тазаланғанша жұмсайтын болған.
7. Абдыраған профессор
Вернер Гейзенберг - физик-теоретиктердің ішіндегі ең жарқын өкілі. 1927 жылы ол кванттық механикада белгісіздік (неопределённость) қағидасын жасап шығарады. Онысы субатомды бөліктердің мінез-құлқын түсіндіруге негізделген еді. Осыған қарамастан, ол докторлық емтиханда құлап қала жаздайды. Өйткені, бұл жігіттің ешқандай практикалық білімі жоқ болатын. Профессорлар одан батарейканың қалай жұмыс жасайтындығын сұрағанда, ол ондайдың не екенін де білмейтінін айтатын болыпты.
6. Еңбекқор данышпан
Физик Роберт Оппенгеймер асқан дарынды адам болатын: сегіз тілде емін-еркін сөйлей алатын, философияның кең танымдық түсінігіне ие, тіпті, лингвистика мен поэзияны да жақсы білетін. Нәтижесінде кейде жеткілікті білім тұрғысында оған басқалармен сөйлесу қиын тиетін-ді. Мәселен, 1931 жылы ұлы физик Калифорниялық университеттегі әріптесі Беркли Лео Недельскийге өз атынан лекция дайындап көруін сұрайды. Оппенгеймер берген кітапта бұл лекцияның барлық материалдары дайын тұр еді. Кейіндеу әбден абдыраған Лео қайтып оралады, өйткені, әлгі кітап түгелдей дерлік нидерландық тілде жазылған екен. Данышпанның сондағы жауабы: "Бірақ, бұл жеңіл тіл ғой!".
5. Өмірден ұзақ күнделік
Сәулетші және зерттеуші Ричард Фуллер өзінің геодезиялық күмбездерімен, болашақ қалалардың қаңқасын жасаумен және «Димаксион» атты көлік түрін құрастырып шығуда аты қалды. Сонымен қоса, Фуллер кішкене әпенділеу еді: ол әртүрлі уақыт белдеуінің нақтылы уақытын біліп жүру үшін қолына үш сағатты бірдей тағып жүретін, бірнеше жылдар бойына тәулігіне бір-екі сағат қана ұйықтайтын (мұнысын "Димаксионның ұйқысы" деп атаған). Кейіндеу бұл қылықтың бәрінен арылады, өйткені, оның еңбек өніміне әріптестері ілесе алмай қалған көрінеді. Ал ең қызығы сол, ғалым 1915 жылдан 1983 жылдар аралағында егжей-тегжейлі күнделік жүргізеді (әр 15 минут сайын түртіп отырған). Нәтижесінде мұнысы «Димаксионның хроникасы» деп аталып кете барған (биіктігі 82 метрге жетеді) және бүгінде Стэндфорд университетінде сақтаулы.
4. Жетім математик
Пал Эрдёш өз жұмысына қатты берілгені соншалықты, бірде-бір рет үйленіп көрмеген, чемоданмен өмір сүріп, және үнемі достарының үйінің табалдырығында "менің миым ашық" деген сөзбен табылып отырған, артынша бір күнге немесе екі күнге көрінбей кетіп қалады екен. Минуттарды бос өткізбеу үшін кофе кесесін ұрғылап отырған, кофеин мен амфетаминнің дәрілерін тұтынған. Нәтижесі: артында мыңға жуық еңбек қалған.
3. Физик-әзілкеш
Ричард Фейнман - ХХ ғасырдың ең бір толық әрі танымал ғалымы. Манхэттен жобасына ат салысқан зерттеуші.
Ричард әзілкеш еді. Мысалға, оған Манхэттен жобасы ішпыстырарлық болып көрінгенде, қорған есіктер мен сейфтерді бұзуға көшкен. Сол арқылы ол сақтық жүйесінің дәрменсіздігін дәлелдеген. Кванттық электродинамиканың теориясын жасап жатып, оның бір уақытта мая тайпасының тілін түпкілікті бүге-шігесіне дейін біліп алғанын, ән салғанын, тағысын тағы да басқа толып жатқан істермен шұғылданғаны айтылады.
2. Тырнағын бояп алу
Британдық математик және электротехник Оливер Хэвисайд электрлік түзілім мен дифференциалды теңгерімнің шешіміне саралау жасауға қажетті әдіс-тәсілдердің бір толық топтамасын жасап шығарады. Алайда, ол уақытты оның басында басқа бір қозғалыс жүріп жатқан еді. Оливер бүкіл үйді үлкен гранитті блокқа толтырып, тырнақтарын ашық-қызыл түске бояп, күні бойына тек қана сүт ішіп қана отыра берді. Оған қоса, гиперграфиямен сырқаттанды (жазуға деген бір белгісіз ынталылықты шақыратын мидың хал-жайы).
1. Сүйек соғысы
18-ғасырдың аяғы мен 19-ғасырдың басында Йель университетіндегі Пибоди мұражайының палеонтологы Гофониил Чарльз Марш және жаратылыс ғылымы Академиясының қызметкері әр жолы бір-бірінен асып түскісі келетін. Ақырында олар жауласып тынады. Бірде Марш қазбалар жұмысының күзетшісін сатып алады, сондағысы, бүкіл табылған олжаны иемденгісі келгендігі.
Осындай бір экспедицияның уақытында ол өз адамдарын Коуптың ізін аңдуға жібереді. Қауесетке сенсек, әшкере болып қалудан қорыққан екі жақтың жансыздары (шпион) бір-бірлерін жарып жіберген. Жылдар бойы Марш пен Коуп ғылыми мақалаларда бір-бірлерін төмендетіп, қаржылық қулық-сұмдықтар жасады деумен (махинация) айыптар тағып, кәсіби біліктеріне мін тағады. Және соған қарамастан, олар палеонтология ғылымында теңдессіз жаңалықтар аша алды: олардың күш салуымен ерте уақыттың егозавр, трицератопс, диплодок пен апатозавр секілді классикалық өкілдері танылды.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: dwoman.ru
Л. Лига