Нидерландтағы Эйндховен Техникалық университетін биыл Лоран Симонс атты 9 жастағы вундеркинд аяқтамақ. Бұл туралы BBC хабарлады.
Бірнеше айдан соң диплом алатын Лоран әлемдегі ең жас түлек атанбақ. Бұл атақ әзірге 10 жасында Алабама университетінің түлегі атанған америкалық Майкл Карниге тиесілі.
Лоран Симонс бір жыл бұрын электротехника факультетіне түскен. Дарынды бала орта және жоғары сынып оқушылары меңгеруі тиіс алты жылдық білім бағдарламасын 1,5 жыл ішінде меңгеріп, 8 жасында орта білім аттестатына қол жеткізген.
Баланың IQ көрсеткіші – 145 және есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Лоранның айтуынша, оның сүйікті пәні – математика, себебі ол статистика, геометрия және алгебраны қамтиды.
Лоран болашақта кардиохирург атанып, адамдардың өмірін ұзартатын құрал ойлап тапқысы келеді. Мектепте оқып жүрген кезінде Амстердам университетіндегі медицина факультетінің курсын да оқып алған екен.
Лоранның анасы Бельгияда туған, ал әкесі Нидерланд азамат. Өзі Бельгияда өмірге келген. Қазір отбасымен Нидерландта тұрады.
Қазақстанда да табиғатынан дарынды бала бар. Абзал Мырзаш есімді вундеркинд 12 жасында Қазақ-Британ Техникалық университетінің студенті атанған. Қазір 3-курста оқып жатыр.