Токио университеті немесе Тодай

Токио университеті немесе Тодай

Орналасқан жері: Жапония, Токио қаласы

Сипаттама: ТОКИО УНИВЕРСИТЕТІ (Токио дайгаку, немесе қысқаша – Тодай) – Жапонияның ең ескі де, ең беделді университеттерінің бірі. Университет 1877 жылы құрылған және 1949 жылға дейін «Император университеті» мәртебесін алған. Құрылған күннен бастап ол мемлекеттік университет болып келеді және жапон үкіметі тарапынан демеушілікке де ие. Университет түлектерінің арасынан атақты саясаткерлер, экономистер шыққан. Әдебиет факультетінің екі түлегі – Нобель сыйлығының лауреаттары (Кавабата Ясунари және Оэ Кэндзабуро деген жазушылар).

Рейтинг: «Әлемнің ең мықты 100 ЖОО-сы» рейтингісінде 25 орында

Студенттер саны: 30 мың

Факультеттер: 

1. Заң факультеті;

2. Медицина факультеті;

3. Техникалық факультет;

4. Әдебиет факультеті;

5. Ғылым факультеті;

6. Ауыл шаруашылық факультеті;

7. Экономика факультеті;

8. Өнер факультеті;

9. Педагогика факультеті;

10. Фармацевтика факультеті;

11. Тарих факультеті.

Оқу мерзімі: бакалавриат: 4-5 жыл; магистратура: 1,5-2 жыл.

Оқуға түсу ережелері:

* Міндетті түрде 11-12 сынып бітіргені жайлы куәлік көрсету;

* Жас мөлшері 18+;

* Жалпы ағылшын тілі бойынша емтихан тапсыру (The General Examination for foreign students немесе  TOEFL)

* Жапон тілін білу туралы сертификат

Оқу құны: 500 – 800 мың иен/жыл; 6000-10000$/жыл

Жататын орны мен тамағы: 45-60 мың иен/ай немесе 550-750$/ай – жататын орын, 70-90 мың/ай немесе 875-1125$/ай - тамақтануға

Талапкерге кеңес: "Әлемнің үздік университеттерінде оқу қиын, оның үстіне оқу құны да қымбат" деген сөздер тек жалқаулар мен қорқақтардың сылтауы. Нар тәуекел жасап, білім ал... Қаржы мәселесі кедергі болса, оның орнын басатын көптеген программалар жеткілікті. Сондықтан аянбай еңбек етіп, өз мақсаттарыңа жетуді көзде. 

Форумда талқылау

Суреттер kweblogics.com, tsingua.edu.cn, psy.ritsumei.ac.jp сайттарынан алынған