Назарбаев университетінің шетелдік қай ЖОО-мен байланысы бар?

Назарбаев университетінің шетелдік қай ЖОО-мен байланысы бар?
Фото: profwidom.medium.com

"Жұлдыз FM" радиосындағы "Назарбаев университетіне бір сұрақ" айдарында "Назарбаев университетінің шетелдік білім ордаларымен студент алмасу бойынша келісімі бар ма?" деген сұраққа Назарбаев университетінің халықаралық серіктестік департаментінің жетекші менеджері Жақсыбек Ботагөзов жауап берді.

"Университеттің АҚШ, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД елдерінің дамыған ірі жоғары оқу орындарымен бірнеше бағытта ынтымақтастығы жүріп жатыр. Стратегиялық серіктестер университеттің қалыптасуына үлкен үлес қосты.

Мұнымен қоса, университеттің жоғары мектебінің серіктестері студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламаларымен қамтамасыз етеді. Бұл бөлек құрылған стратегиялық деңгейдегі серіктестер. Кэмбридж университеті, Колорадо тау-кен мектебі, Сингапур ұлттық университеті, Пенсильвания университеті, Питсбург университеті мен оның медициналық орталығы, Беркли ұлттық зертханасымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бар", - дейді Жақсыбек Ботагөзов 

А. Рысдәулет