Сөз зергерлері арқа жерінде сайысқа түсті

Сөз зергерлері арқа жерінде сайысқа түсті
Фото: massaget.kz

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде Х Республикалық журналистика олимпиадасы өтіп жатыр. Аталмыш сайысқа 16 жоғарғы оқу орнынан 48 студент қатысуда.

Білім бәсекесі 2 күнге жоспарланды. Олимпиадаға телевизияның 60 жылдығы арқау болды. Сайыстың ашылу салтанатында филология факультетінің деканы Әбдуов Мұхаметқали Ілиясұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жүктелген тапсырма бойынша студенттер сюжет дайындап, эссе жазды. Сонымен қатар, бірнеше журналистика пәндерінен  тест тапсырды. Олимпиаданың соңғы күні журналистің жеделділігін айқындау мақсатында жедел ақпарат сайысы бойынша сынға түсті.

Студенттер мен оқытушыларға шахтерлер шаһарының көрікті жерлерін көрсетті. Олар Сарыарқа археологиялық мұражайы мен университет музейін аралады. Мұражай меңгерушісінің сөзінше, мұндағы ең көне жәдігерге 2000 жыл болған. Әр жәдігер жеке-жеке нөмірленген. Студенттер Арқа жерінің талай тарихи құндылықтарымен таныс болды.

Аслан Қажиев
IT Университеті

@. @assel_assanova