Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / Қазақстан / Сүлеймен Демирел атындағы университет

Сүлеймен Демирел атындағы университет

Сүлеймен Демирел атындағы университет

Сүлеймен Демирел атындағы университетті білім берудегі ынтымақтастықты нығайту, бауырлас екі елді жақындастыру және келешек жас буынның алдынан жаңа көкжиек ашу мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия мемлекетінің Президенті Сулейман Демирел 1996 жылы 12 желтоқсан күні ашқан.

СДУ – халықаралық үлгідегі бағдарламасы бар оқу орны болып саналады. Университеттің негізгі мақсаты – қолжетімді бағамен сапалы білім беру қызметімен, бакалавриат, магистратура, докторантура және біліктілікті жетілдіру бағдарламаларымен қамтамасыз ету. Оқытушылар мен профессорлар құрамы әртүрлі білім аясында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Университетте қосымша білім беру және әлеуметтік қызметтерге үлкен таңдау бар. Университет бағдарламалары жеке тұлғалардың, қоғамдық топтар мен мекемелердің мәселелерін шешуге бағытталған, сондай-ақ елдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық ортаға бейімделген.

Грант және жеңілдіктер:

Гранттар:

1. Мемлекеттік білім гранты.

2. Республикалық Олимпиададан және Халықаралық Олимпиадалардан (IPhO, IMO, IOI) жүлделі орын алғандарға СДУ гранты тағайындалады.

3. Облыстық Олимпиадаларда 11 сынып оқушылары математика, физика, информатика, қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы пәндерінен бірінші орын алған болса, оған СДУ гранты тағайындалады.

Жеңілдіктер:

1. «Алтын белгі» иегерлері – 50% жеңілдік беріледі.

2. ҰБТ-де 90 ұпайдан көп жинаған талапкер 10%-дық жеңілдікке ие болады.

3. «Достық» білім беру орталығында курсқа қатысқан талапкерлер ҰБТ сынағынан 80 және одан жоғары ұпай жинаған жағдайда/бесінші пәнді қоспағанда/ - 10%-дық жеңілдікке ие болады.

4. ҚТЛ, Жәутіков, Дарын және Назарбаев интеллектуалдық мектептерін бітірген талапкерлерге - 10%-дық жеңілдік беріледі.

5. Бір отбасынан шыққан қарындас-бауырларға - 10%-дық жеңілдік беріледі.

6. Қарасай ауданының түлектеріне - 10%-дық жеңілдік беріледі.

Студенттердің үлгеріміне (GPA) қарап университет тарапынан берілетін жеңілдіктер

(әрбір мамандық бойынша әрбір курсқа):

1. Бірінші орын -50%

2. Екінші орын – 30%

3. Үшінші орын 10%

2012 - 2013 Оқу жылында Сүлеймен Демирел атындағы университетке түсуге қажетті құжаттар тізімі (23-31 шілде аралығы):
  • Белгіленген үлгідегі арыз
  • Аттестат немесе диплом (түпнұсқасы)
  • ҰБТ сертификаты (түпнұсқасы)
  • 3х4 өлшеміндегі 6 фотосурет
  • №086-У, №063 медициналық анықтамалар
  • Жеке күәлік немесе төлқұжат көшірмесі
  • Құжаттарды тіркеуге төленген ақы түбіртегі (Қазком).

Реквизит мәліметі:

Сүлеймен Демирел Университеті мекемесі,

Абылай хан к-сі, Қаскелең қ-сы,

Қарасай ауданы, Алматы облысы,

Қазақстан Республикасы, 040900

Тел.: 8 727 307 95 65

8 727 307 95 69

8 701 733 51 28

Факс: 8 727 307 95 58

СТН 600200077133 Алматы БИК KZKOKZKX

р/с KZ989261802128707000

АФ АҚ "Қазкоммерцбанк"

Кбе 18  КНП 861

10 - 25 тамыз аралығында ақылы бөлімге тапсырылатын құжаттар тізімі: 

  • Белгіленген үлгідегі арыз
  • Аттестат немесе диплом (түпнұсқасы)
  • ҰБТ сертификаты (түпнұсқасы)
  • 3х4 өлшеміндегі 6 фотосурет
  • №086-У, №063 медициналық анықтамалар
  • Жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі
  • Құжаттарды тіркеуге төленген ақы түбіртегі (Қазком)

 

Ақпарат көзі: sdu.edu.kz

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: sdu.edu.kz

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 22 шілде 2012, 18:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.