Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / Қазақстан / Колледжге түсудің артықшылықтары мен кемшіліктері

Колледжге түсудің артықшылықтары мен кемшіліктері

Колледжге түсудің артықшылықтары мен кемшіліктері

Соңғы жылдары жаппай колледжге түсу үрдісі белең алып кетті. Түлектердің көбі Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді тапсырмаудың амалын қарастырып, 9 сыныптан кейін колледжге түсіп жатады. Солардың ішінде – үлгерімі нашарлар және озат оқушылар. Біріншілері мүлде тесттен құлаймын деп қорықса, екіншілері межелі балл жинай алмай қаламын ба деп колледжді таңдап жатады. Сонымен қатар колледждің ақшасы университеттікіне қарағанда арзанырақ, әрі орта кәсіптік бір мамандық алып шықса да ұтымды нұсқа деп ойлайды.

Колледжге түсу, не түспеуді ойлап жүрген оқушыларды колледждегі білім, орта, тәрбие, жалпы «Ұтылмаймыз ба?» деген сұрақтар мазалайды. Осы сұрақтарды талдап көрсек...

Грант немесе оқу ақшасы


Бірі білсе, бірі білмейді - колледждің де мемлекеттік гранттары болады. Мемлекеттік колледждердің атында «мемлекеттік» сөзі барынан-ақ түсінуге болады. Мысалы, Ақтөбе Мемлекеттік политехникалық колледжі, Алматы Мемлекеттік педагогикалық колледжі. Яғни, осындай колледжерде әр мамандыққа грант бөлінеді. Алайда, түсу үшін де қазір бәсекелестік жоғары. Жинайтын баллдар да сәйкесінше жоғары болу керек. Грантқа түскен бойда ай сайын оқушы шәкіртақы алып тұрады. Шәкіртақы университеттегілерге қарағанда аздау, үздік оқитындар 14000 тг, ал минималды шәкіртақы – 12000 тг-ні құрайды. Ал грантқа іліге алмаған оқушылар ақылы түрде оқуға мүмкіндігі бар. Оқу ақшасы таңдаған мамандығына сәйкес болады. Мысалы, «бухгалтерлік есеп-шотта» оқитындардың оқуының бағасы, әлбетте, «машина жасау» мамандығынан көбірек болады.

Білім


Кейбірінің пайымдауынша, колледжде білім жоқ. Негізі, оқуға құмар бала әркез өзіне қажет білімді алады. Онымен қоса, мектептен түлеп ұшқан бозбала және бойжеткен тәжірибесінің аздығынан бара сала емтиханды «ақшамен» шешу деген сияқты қулықтарды білмейді. Сол себепті тек өз күшіне жүгінеді. Колледжде де білікті мұғалімдер, ұстаздар бар. Мектепке қарағанда жалақысы жоғары болғандықтан, білім беруге құштар мамандар әркез табылады. Сондықтан оқушы білім тек өзіне керектігін біліп, тиісті бағасын алып, сессияда өзіне ғана сенсе, онда бәрі де дұрыс болады.

Тәрбие, орта


Колледжге көбі 9 сыныптан кейін, 15-16 жастағы оқушылар түседі. Жастықтың жанып-өшіп тұрған шағы десек болады. Көз қиырынан таса қалса, бірдемеге ұшырап кететіндей кезең. Көбі осы уақытта, өмірде барлық тыйым салынған заттарды сезіп, көріп қалғысы келеді, еліктеушілікке құмар болады. Мұнда үйдегі мықты тәрбие – басты құрал бола алады. Санасы бар, ата-анасын ойлайтын жанашыр балалар не болса да шектен шықпаудың амалын қарастырады. Кімнің басынан жастық шақ өтпейді? Бірі қателеседі, көреді, кейін тиісті сабағын алған соң жоламауға тырысады. Мұның бәрі уақыт өте келе жинақталатын тәжірибе. «Мінезіне қарай тағдыры» деген сөз бар. Сол бұзықтық мінез тыйылмаса, ол колледжде болмасын, басқа жерде де сыр берері анық.

Мамандық, болашақ


Колледжді тәмамдаған студенттер ерте есейеді. Мектепте оқыған сыныптастары студенттік өмірдің дәмін енді сезінуге аттанғанда бұлар үлкен өмірге аяқ басуға дайын тұрады. Жұмыс істеп, ақша табуды ойлайды. Әрі қарай көлік алу, жоғарғы білім алу деген сияқты мақсаттарды іске асыра бастайды. Сол себептен, колледж бітіре сала, өз мамандығы бойынша немесе өзіне сай тапқан жұмысты істеуге кірісіп кетеді. Және де колледж бітіріп келген студенттерді жұмысқа қабылдайтындар да жоқ емес. Өйткені, тәжірибенің жоқтығынан жалақыны аз сұрайды және де жұмыс істеуге құлшынысы зор. Бұл жұмыс берушілерге аса пайдалы.

Қорытынды


Жалпы, тым құрығанда орта кәсіптік мамандық алуға – колледж ұтымды жол. Бірақ колледжде тек үлгерімі нашар оқушылар оқиды деген қате түсінік. Колледжді тәмамдаған соң жоғары оқу орнын басқа мамандыққа оқуға да болады. Бұл енді оқудың ұзақ уақытқа жалғасатын бір минусы. Ал колледжді бітіре салып, жұмыс істеп кеткендер одан да көп. Колледжді бітірген соң, университетті сырттай оқып, іс жүзінде білікті маман болатындар да баршылық. Әрине, үлкен өмірге ертерек араласып, жұмыс жасау әркімге де пайдалы. Ал егер болашаққа биік мақсат қойсаңыз, мысалы, шенеунік болу, шетелде оқу және т.б. болса, онда толық 11 сыныпты бітіріп, университетке түскен дұрыс. Өйткені колледжде оқу да оңай емес, 3-4 жыл білім университетте оқумен тепе-тең. Әрі қарай тағы ЖОО бар, тағы шетелдегі білім, магистратура, pHD қосылса, онда оқу ұзаққа жалғаспақ. Сондықтан шешімді өздеріңіз жасайсыздар.

Сурет: rus.azattyq.org

Автор: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 28 ақпан 2014, 18:06
Пікірлер
+0
28 ақпан 2014, 19:46

Бұл факт па, әлде сіздің жеке пікіріңіз ба?

+0
28 ақпан 2014, 19:52

колледж битиргеннен кейн жумыска алмайды жогары билим жок деп

+0
28 ақпан 2014, 21:57

сізбен келісемін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.