АҚШ-та қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды

АҚШ-та қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды
Фото: baq.kz

Нью-Йоркте қоғамдық кітапханада қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды. Орталықта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары, сонымен қатар тарихи, ғылыми және көркем әдебиет қойылған. Мұнда барлығы 200-ге жуық кітап бар.

"Бұл тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік саладағы табыстарын кітап арқылы жеткізу үшін тамаша мүмкіндік", — деп жазған ұлттық академиялық кітапхананың құжаттарды өңдеу қызметінің жетекшісі Нұрбала Текесбаева.

Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы – әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Қорының көлемі бойынша тек Конгресс кітапханасы мен Британдық кітапханаға ғана жол береді.

kaz.caravan.kz

А. Қажиев