- Негізгі бет
- АҚШ
- АҚШ-тың білім беру...
АҚШ-тың білім беру жүйесі қандай?
АҚШ-тың білім беру жүйесіне мыналар кіреді:
- мектепке дейінгі оқыту, 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тәрбиеленеді
- бастауыш мектептер (1-8 сыныптар), 6-13 жас аралығындағы балалар оқиды
- орта мектеп (9-12 сыныптар) 14-17 жастағы қыздар мен ұлдарды оқытады
- білім берудің ең соңғы деңгейі, жоғары оқу орын
Бастауыш және орта білім
Мектепке дейінгі бүлдіршіндер 5 жасқа дейін бала-бақшада тәрбиеленеді және нөлдік сыныптарда қарапайым ойындардан оқудың алғашқы жазу, оқу сатысына өтеді. Мектепке дейінгі оқытуға 60 пайыз 5 жасқа дейінгі балалар барады, алайда біраз ата-аналар балаларын жеке меншік мектептерде оқытады. АҚШ-та колледж педагогтары жасаған ең кішкентай сәбилерге арналған ясли мектебі де бар.
Бастауыш мектеп
Бастауыш мектеп — барлық оқу пәндерін бір мұғалім жеке өзі жүргізеді. Бастауыш мектебінің оқыту әдісі арнайы жасалған жоспар бойынша жүзеге асады. Оған оқу, әдебиет, хат жазу, орфография, ана тілі, ән, өнер, арифметика, тарих, география, өзін-өзі тану, гигиена, дене шынықтыру және еңбек пәндері. Жаллпы алғанда уақыттарының жартысы ана тілі мен кітап оқуына кетеді, және де арифметика сабағына тура сол уақыт шамасында уақыт кетеді. Ән, еңбек және өнерге қалған уақыттарын арнайды. Дене шынықтыру мен гигиенаға уақытының алтыдан бір бөлігі кетеді.
Бұл кезеңде балаларды әр түрлі сыныпқа деңгей бойынша бөлу жүреді. Оқуға жақында кіріскен балалар тест қорытындысы бойынша бірнеше топтарға бөледі. Тест тапсырмалары берілген уақытта орындаулары тиіс. Оларды одан кейін алфавит бойынша сыныптарға бөледі.
Орта мектеп
АҚШ-та орта мектеп екіге бөлінеді — әр қайсысы үш жылдан: кіші және жоғары. Кіші орта мектептерінде басқа да оқу кезеңдері секілді біркелкі оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтары жоқ. Әр мектеп айналасы өзінің жеке ұсыныстары мен уақыт бөлісімдерін саралап арнайы бағдарламалар дайындайды. Алайда олардың оқу алдында қойған міндеттері кіші мектептерде қадағаланып отырады.
Америкалық мектептерде оқу 170-186 күнге созылады, балалар аптасына бес күн оқиды. Бір күнде 5-6 сағаттан: 8.30-дан 15.30 аралығында өтеді. Оқу жылы ережеге сәйкес тоқсандықтарға бөлінген. 8 сыныптан бастап пән тандайды. Міндетті пән қатарына: ағылшын, матеметика, әлеуметтану, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, гигиена, ән, өнер, еңбек (ер балаларға), үй шаруасы (қыз балаларға).
Жоғары орта мектептері жалпы білім беру орны болып саналады. Оқушылар мектепті 17-18 жас аралықтарында бітіреді. Практика ретінде жоғары орта мектептер білім жүйесіне математика (2жыл), ағылшын тілі (4жыл), жалпы (2жыл) және әлеуметтік ғылымдар (3 жыл) кіреді. Орта мектептер әр түрлі күйде болады. Көп профильді мектептерде 9 сыныптан бастап әр түрлі профильдерге бөлінеді. Ішіндегі ең танымалы академиялық профиль ЖОО түсуге мүмкіндік береді.
Бағалау жүйесі
Бағалау әріптік жүйеде жасалған:
A — оқу деңгейі қалыпты өте жақсы: білімі терең, дайындығы мықты
В — орташадан жоғары саналады (жақсы)
С — тапсырма орындауы орташа (орташа)
Д — қанағаттанарлық, оқуы төмен (орташадан төмен)
F — қанағаттанарлықсыз немесе оқу бағдарламасын мүлдем білмейді
Сыныптан-сыныпқа көшу үшін оқу үлгерімі С бағасынан төмен болмауы керек. В бағасы мектеп бітірушілер үшін міндетті.
Жоғары оқу орны (ЖОО)
Америкада орта оқу орнынан кейін дайындық (postsecondary school) курстарына баруға болады. Себебі ЖОО-да оқу Америкада өте қымбат.
Америкаға түсем деушілерге мына нәрселерді тапсыру керек:
- толтырылған сауалнама
- эссе
- ұсыныс хат
- транскрипт, дипломның көшірмесі, аттестат көшірмесі (ағылшын тіліндегі нұсқасы, заңды тіркелген болуы керек)
- тест қорытындылары (TOEFL, SAT, GRE, GMAT т.б. бағдарламаға сәйкес).
Аккредитация. АҚШ-та Қазақстан секілді білім беру министрлігі жоқ. Алайда ол жақта білім беру департаменті бар. Білім беру үшін лицензия керек емес. Оның орнына университеттер аккредитациядан өтеді. Бірақ оны алмай тыныш жұмыс істей беруге де болады. Сондықтан да университетке тапсыратын кезде мұқият болу керек. Аккредитация университтеттің сапасына, деңгейіне, рейтингісіне әсер етеді.
Төрт жылдық колледждер мен университеттер
АҚШ-та олар бірінінің орнына бірі жүре береді. Жалпы колледждер бакалавр деңгейін беру үшін төрт жылдық оқыту бағдарламасымен оқыта береді. Колледждер тәуелсіз болып та немесе университтеттің бір бөлігі ретінде де кездеседі.
Америкада екі мыңнан аса дәстүрлі төрт жылдық колледждер мен университтер бар. Әр қайсысының өзінің ерекшеліктері бар. Колледждер өз беттерінше арнайы бағытты тандай алады. Мысалы, гуманитарлық колледждер тек гуманитарлық салаларды оқытады.
Американың ең мықты университтері болып Гарвард, Пристон, Йель, Колумбия, Браун, Дартсмут, Корнелл, Пенсильван секілді оқу орындары саналады.
Дайындаған: Нұрмаханұлы Нұрбол
сурет: aydanatour, excel-md
Н. Нұрмаханұлы