Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / АҚШ / Массачусетс университеті

Массачусетс университеті

Массачусетс университеті

Әлемдегі ең беделді және өте танымал техникалық институт болып есептеледі. Жасанды ақыл, роботехника салаларында елеулі жетістіктері бар. Институт қабырғасы 1861 жылы қаланған. 

Талапкерлердің MIT-ті таңдауының басты себебі де студенттерге бірінші курстан бастап шексіз ғылыми мүмкіндіктердің берілуінде.

Қабылдау мерзімі

Тапсырыс беру уақытына байланысты институт сайтында 1 қараша немесе 1 қаңтарға дейін тіркелу қажет.

Оқуға түсу тәртібі

Қабылдау комиссиясы үміткерлердің дайындық дәрежесін анықтау мақсатында әрбір шетел азаматын жеке-жеке тексеріп шығады. Оқуға түсуді біріншіден институт сайтында жеке аккаунт ашудан және сұранымды толтырудан бастау керек. Сосын сайтта көрсетілген электронды пошта арқылы сұхбаттасу күнін білген жөн. Осыдан соң сұраным бергендер іріктеліп, үміткерлерге алдағы емтихандар (таңдалған программаға сәйкес тапсырылатын тестер) жайында хабарлама жіберіледі.

Үміткерлерге қойылатын талап

Тізім бойынша, үміткерге қойылатын бірінші талап мынау– мектеп қабырғасында жалпы пәндерді өтуі тиіс. Олар: ағылшын тілі, математика, тарих/гуманитарлық ғылымдар, биология, химия, физика.

Ағылшын тілі бойынша минималды балдар: TOEFL PBT – 577; TOEFL IBT – 90.

Жас мөлшері талабы жоқ.

Алғашқы сынақтар

Аталған институтқа түсу үшін сұраным жіберіп, сұхбаттасып, сосын тест тапсыру керек. Сұхбатты сол институтқа барып немесе скайп арқылы өтуге болады. Міндетті түрде тапсырылатын тесттер - TOEFL және SAT емтихандары. Сонымен қатар үміткерлерге өз мектеп мұғалімдерінен және мектеп психологынан алынған 3 ұсыным хат алу керек (біреуі жаратылыстану ғылымдары пәнінен сабақ берген мұғалімнен, біреуі гуманитарлық мұғалімнен және соңғысы мектеп психологынан).

Жетекші салалар

Физика, химия, инженерия, астрономия, информациялық технологиялар. Институт үміткерлерге 44 бакалаврлық программалардың біреуімен білім алуға мүмкіндік береді. Ең беделді мектеп ретінде инженерия мамандықтары танылған. Бұл мектепке 19 программа бойынша 44,5% студент оқуға түседі. Тізімнің келесі сатысында ғылым мектебі орналасқан. 

Оқу құны

2011-2012 оқу жылында бакалавриатта оқитын бір студенттің шығыны 55 270 $ құраған. Оның: 40 732 $ - оқу ақысы, 11 775 $ - жатын орын мен тамақтану, 2763 $ - кітаптар мен жеке шығындар.

Гранттар

MIT – әлемдегі ең қымбат институттардың бірі болып есептелінгенмен, оқу құнын төлеуге жағдайы жоқ студенттерге көмектесуге дайын. Олардың саясаты мынадай: Егер студент MIT-ке түсе алса, онда ақша табылады. Мұндай көмекке өтініш білдірген студенттердің 85%-ы стипендия алады. Орта есеппен алғанда, стипендия алатын студентке жылдық оқу құны -  23 270 $.

Реактор

Кампус

Кампус Массачусетс штаты Кембридж қаласында орналасқан. Территориясы 68 гектар жер. Институт территориясын IT-компаниялар қоршаған. Және де кампус территориясында Америкада орналасқан ең үлкен университеттік ядерлік реактор орналасқан. Бакалавр студенттері 4 жыл бойы жатын орынмен қамтамасыз етіледі. Статистика бойынша, барлық студенттердің тек 8 пайызы кампуста тұрмайды.

MIT құндызы

Кітапханалар

Студенттер 3 000 000 қағаз және 55 000 электронды басылмға қол жеткізе алады. MIT-те барлығы 13 кітапхана орналасқан, оның ішіне институт архиві, арнайы жинақтар және Maihaugen галереясы кіреді. Аталған галереяда сирек кездесетін кітаптар, карталар, фотографиялар сақталған.

Сурет: theoryandpractice.ru 

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 27 наурыз 2012, 13:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.