Әлемдегі ең ежелгі мектеп

Әлемдегі ең ежелгі мектеп

Әлемдегі ең ежелгі орта мектеп шамамен б.з.д. 142 жылдары Қытай елінде ашылған. Өткен жылы мектепке 2156 жыл толды. Шиши деп аталатын мектеп Сычуань провинциясының Чэнду қаласында орналасқан.

Шиши Қытай еліндегі қарапайым халық білім ала алатын алғашқы мектеп болған. Мектепте қытай тілі, жазу және басқа да пәндер оқытылған. "Шиши" сөзі қытай тілінен аударғанда "тастан салынған үй" деген мағына береді.

1950 жылы Шишиге "Чэнду қаласындағы 4-орта мектеп" деген жаңа атау берілді. Дегенмен, 1980 жылдары мектепке ежелгі атауы қайтарылды. Қазір Шиши Қытайдағы ең ежелгі үздік жүз мектептің қатарына кіреді.

Қытайлық балалар үшін Шиши мектебіне қабылдану университетке түсумен тең. 

Е. Қайрахан