Әлемдегі ең қымбат университеттерді білесіз бе?

Әлемдегі ең қымбат университеттерді білесіз бе?

Әлемдегі ең қымбат университетті білесіз бе? Элиталы білім ордалары көбінесе Парсы шығанағы жағалауында орналасқандықтан, бірден Гарвард немесе Пристон деп жауап беретін шығарсыз. Алайда сіз қателесесіз. Мұндай жағдайға қайтадан тап болғыңыз келмесе, төмендегі ең қымбат 5 университетті біле жүріңіз.

Әлемдегі ең қымбат 5 университет:

1. Сара Лоуренц  колледжі ( Sarah Lawrence College)

2010 жылы аталған колледж бағасына байланысты әлем бойынша екінші орынды иеленсе, бүгінгі таңда бағасы 53 150 АҚШ долларын құрайды. Ал қарапайым сақтандыру бағасы 1 870 АҚШ доллары.

2. Джордж Вашингтон  университеті (George Washington University)

Қазіргі кезде Джордж Вашингтон  университеті - АҚШ астанасының ең үлкен оқу ордасы. Университетте әлемнің  130 елінен 20 мың студент білім алуда, сонымен қатар 14 000 аспиранты бар.  Білім жүйесі бойынша гуманитарлық және жаратылыстану бағыттарында мамандар  даярлайды. Атап айтқанда дәрігер, заңгер, компьютерлік сала, халықаралық қатынастар, экономист, саясаткер, әлеуметтану ғылымдарындағы мамандар. «Форбс» журналының  қорытындысы бойынша, ең қымбат американдық жоғары оқу орындарының  қатарына енген. Студенттер жылына 53 000 АҚШ долларын төлейді. Оқу бағасына лайық барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

3. Колумбия  университеті (Columbia University)

Колумбия университетінің оқу ақысы арзан болса да, күнделікті тұрмыстың шығыны мол. Студенттер әдетте орташа есеппен 51 886 АҚШ долларын төлейді. Ал университет тарапынан қаржы көмегі ретінде 30 000 АҚШ доллары қарастырылған.

4. Сент-Джонс колледжі (St. John’s College)

Бұл оқу орны әлемнің ең қымбат білім беру ордасы болып саналады. Оқу құны - 49 513 АҚШ доллары. Бұл қаржыға кітап сатып алу құны да енеді. Ал әкімшіліктің көмегі ретінде университет 26 000 доллардан 65%-ға дейін студенттерге жеңілдік берген.

5. Вассар колледжі (Vassar College)

Бұл колледжде бай, атақты адамдардың балалары білім алады. Жылына бір студент 49 250 АҚШ доллар төлеуге міндетті. Ауқатты отбасынан шыққан балалар ғана оқитындықтан, шәкіртақы мәселесі көп қарастырылмаған.

Айта кетейік, жоғарыда аталған әлемдегі ең қымбат 5 ЖОО дүниежүзіндегі ең мықты 5 университет қатарына кірмейді.  Олардың білім беру бағасының қымбат болу себебі  академиялық мобильділікке ғана байланысты.

Ал біздің еліміздегі ең қымбат оқу орны қайсысы деп ойлайсыз?

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет: fishki.net,www.columbia.edu,blog.bekahbrunstetter.com

Н. Нұрмаханұлы