Массачусетс технология институтымен танысайық!

Массачусетс технология институтымен танысайық!

Массачусетс технология институты (Massachusetts Institute of Technology) – әлемдегі және АҚШ-тағы көш басындағы ең үлкен оқу орындарының бірі. Институттың құрылу тарихы Вильям Бэртон Роджерстың Массачусетс технология институты және Бостонның қоғамдық тарихи маңызы бар құжатын мақұлдауымен басталады. Бұл оқу орнында техникалық мамандықтарға баса назар аударылғанымен гуманитарлық және әлеуметтік ғылым саласы да оқытылады.

МТИ-дің оқу ғимараттарының бірі

Басымдылық берілген мамандықтар – роботтық техника, ақпараттық технология, экономика, физика, химия және математика. Студенттер Линкольн зертханасында, ақпараттық зертханада, жасанды ақыл-ой иелерімен және басқару мектептерінде жұмыс жасай алады.

МТИ-дың кітапханасы жеке пәндерге арналған 5 бөлімнен тұрады. Олар: Баркер (инженерия), Дьюи (экономика), Хайден (гуманитарлық және жаратылыстану), Льюис (музыка), және Ротч (өнер және архитектура). Кітапхананың қорында 2,9 млн. кітап, 49000 басылған немесе электрондық журналдар, және 670 базалық құжаттар бар.

Симмонс-Холл

Массачусетс студенттері өздерінің спорттық жетістіктерімен мақтана алады. Мылтық ату спорты, кедергілер арқылы жүгіру, семсерлесу, жеңіл атлетика және су спортынан командалық ұжыммен ел біріншілігінен ылғи да жүлделі орындардан көрініп жүр.

380-нен аса танымал студенттік ұйымдар мен радиостанция және «The Tech» атты газеттері бар.

Крежск дәрісханасы

Университет Кембридж қаласының Массачусетс штатында орналасқан. Аса танымал Гарвард университетімен қатар орналасқандықтан, әлемге әйгілі археологиялық және этнологиялық Пибоди музейі және Гарвардтың тарихи музейін тамашалауға үлкен мүмкіндік бар.

МТИ-дің оқу ғимараттарының бірі

Университетте 11 мыңға жуық студент білім алуда. Олардың 3 мыңнан астамы шет елден келгендер.

Университетте студенттерге арналған, бірден 4 жылға берілетін 12 жатақхана қызмет етеді.  

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: en.wikipedia.org

Ш. Талап